Ата-аналар барлық үйірмелермен танысып, ұнағанына баласын жаздыруға мүмкіндік алды.
45 жастағы қала тұрғыны Әсемгүл Бекенова ашық есік күніне балаларымен келген. Ол бүгін егіз қыздары Медина мен Гауһарды би үйірмесіне жаздырды. Ол үшін Әсемгүл бар болғаны өтініш толтырып, балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен педиатрдан алған медициналық анықтаманы өткізді.
Әсемгүл Бекенова – қала тұрғыны: «Би – қыз балаға арналған нағыз керек үйірме. Себебі, би арқаны түзу ұстауда, дұрыс өсіп жетілуде үлкен рөл атқарады. Ал, футболды бүгінге ең сұранысқа ие спорт түрі деп білемін. Сол үшін баламды оған жаздырдым»
Биыл оқушылар сарайындағы үйірмелер тізіміне біршама өзгерістер енді. Еріктілер және тұлға қалыптастыру клубтары мен екі жаңа спорттық секция ашылды. Енді балқаштықтар 7 жастан бастап дзюдоны, 9 жастан бастап бокс пен шағын футболды үйрене алады.
Әли Жукин – жаттықтырушы: «Бізде оқушылар сарайында бокстан мини футболдан 6 секция ашып жатырмыз. Үшеуі — футбол, үшеуі — бокс болады. 9-14 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар қатыса алады. Келсін, дайындалсын, бәрі тегін»
Оқушылар сарайында биыл жалпы саны 45 үйірме жұмыс істейді. Оған екі жарым мыңнан астам оқушылар қатысады деп күтілуде. Ашық есік күнінде секцияларға 750-ге жуық қатысушы тіркелген. Ең кішкентай бүлдіршіндерді 3 жастан дамытатын үйірмелерге қабылдаса, қалған үйірмелерге балқаштықтар 6 жастан бастап бара алады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login