Балқашқа Литва мемлекетінен делегация келді

Тарихшылар мен археологтардан тұратын топ мүшелері қазақ жерінде қаза болған ата-баба рухына тағзым етті.  Ең алдымен Балқашлаг ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, одан кейін жер аударылған жерлестерінің зираттарын қалпына келтірді.

Репрессия жылдары мына жапан далада тұтқындарға арналған Балқаш лагері болған. Қазір бұл тұста репрессия құрбандарына арналған жалғыз ескерткіш қана бар. Литвадан келген делегация мүшелері лагерде көз жұмған жерлестеріне  дұға оқып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Бируте БураускайтеЛитва тұрғындарының геноцид және қарсылықты зерттеу орталығының бас директоры: «Жастар үшін біздің ата-бабамыздың тарихын түсінуі өте маңызды. Тарих пен шежіре – ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді»

Қонақтар бұрынғы лагерьдің аумағын аралап, тарих беттеріне көз жүгіртті. Белгілі литвалық сәулетші Алгис Вишнюнас Балқашлагтың ғимаратының бұрынғы суреттерін алып келген. Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстан лагерлерінде репрессия жылдары 10 мыңға жуық литвалық қайтыс болған.

Делегация тобы қала әкімінің қабылдауында болды. Литвалықтар үшін тарихи маңызы бар жерлерді сақтау бойынша одан әрі ынтымақтастықты арттыру мәселесін талқылады. Кездесу барысында тараптар Балқаш және Литва туралы кітаптармен алмасты. Бұдан кейін қонақтар Шығыс Қоңыратта орналасқан  репрессия құрбандарының зиратына  барды.  

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login