Спорт күні қарсаңында 29 жасқа дейінгі жұбайлар балаларымен бірге түрлі сыннан өтіп, өз ептіліктерін сынады.
Қасыққа салынған жұмыртқаны жарып алмай, алаңды бір жүгіріп өту ең қызықты сайыстардың бірі болды. Алайда кішкентай қатысушылар арасында сайыстың ережесін бұзғандар кездесті. Бірі жұмыртқаны қолмен ұстаса, бірі асын түсіріп алса да қайта қасыққа салып, жарысты жалғастырды.
Одан бөлек отбасылар секіргішпен секіріп, шеңбермен жүгірді. Тіпті бірігіп отбасылық сурет те салды. Сайысқа 4 отбасы қатысты. Талап бойынша балалары бар, жасы 29 дан аспаған ерлі зайыптылар жарысқа жіберілді.
Жанғали Амантаев – «Балқаш Жастар Ресурстық Орталығы» КММ директоры: «Сайыс жоғары деңгейде өтті. Осы спорттық іс-шара барысында отбасылардың ұйымшылдықтары, бірліктері көрініп жатты. Осындай іс-шараны алдағы уақытта жиірек өткізу жоспарымызда бар»
Жарыс соңында барлық қатысушылар бағалы сыймен марапатталды. Ал бас жүлде Тәсімбековтер отбасына бұйырды. Отағасы Нұрлан денешынықтыру мұғалімі, ал жары Ғазиза құтқару қызметінің маманы. Жас отбасында қазір екі сәби тәрбиеленуде.
Нұрлан Тәсімбеков – сайыс жеңімпазы: «Қаламыздың отбасылық «Әкем, анам және мен» атты сайысына бірінші рет қатысып отырмыз. Яғни, қатысқан командалар осал емес, бәрі де үлкен дайындықпен келген. Біз де сол дайындықтың арқасында нәтижиесінде бас жүлдені иеленіп жеңіп отырмыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login