Тілдер күні аясында фестиваль өтті

5 қыркүйек  Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл мереке Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінің құрметіне берілген. Осы датаға орай бүгін мәдениет сарайында тілдер фестивалі өтті.

Шараға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері, ағылшын тілі мен орыс тілін тәмамдаған курс түлектері қатысты. Фестиваль қатысушылары қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде өлең оқып, ән шырқады. Солардың бірі 29 жастағы Мадияр Кодек бүгінгі шарада  ағылшынша «Туған жерім» өлеңін оқып көрермен көзайымына айналды.

Мадияр Кодек – қала тұрғыны: «Мен ағылшын тілі курсына қатыстым, 3 ай бойы. Осыған дейін мен ағылшынша мүлдем сөйлеуді білмейтінмін. Қазір мен ауызекі сөйлеу тілінде меңгердім. Ағылшын тілін үйренгеніме тілдер орталығына алғысым шексіз»

Ал, мемлекеттік тілді немесе ағылшын тілін меңгергісі келетін Балқаш тұрғындарын Балқаш қаласының тілдер орталығы  3 айлық тегін курсқа шақырады. Оқу аптасына 5 рет өтеді. Сабақ ұзақтығы 1 сағат 20 минутты құрайды. Жыл басынан бері қала бойынша 189 тұрғын мемлекеттік  тілді меңгерсе, 116 адам ағылшын курсын тәмамдаған. Курсқа қатысқысы келетін азаматтарды Қараменді би, 10 мекенжайында орналасқан тілдер орталығына барса болады.

Айнаш Далабаева – тілдер орталығының мұғалімі: «Бұл курстың артықшылықтары  өте қолайлы. Жас ерекшелігі жоқ. Пенсионер болсын, жұмыс істейтін, істемейтін адамдар келе алады. Егер де сіз қазақ тілінде ағылшын тілінде еркін сөйлегіңіз келсе, ынтаңыз болса, келіңіздер»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login