Олимпиадалық спорт түріне жататын регатаға Армениядан, Өзбекстаннан, еліміздің 5 өңірінен қатысушылар келді. Ерекше спорт түрінің жарысы қыркүйектің 9-на дейін жалғасып, сол күні жеңімпаздар марапатталмақ.
Халықаралық «Балқаш 2019 регатасының» ашылуы 4 қыркүйекте өтті. Шараның ашылу салтанатында «Балқаштық желкенді қайық спорт федерациясының» төрағасы мен құрметті қонақтар болды. Мұндай регата қаламызда 2-ші мәрте өткізіліп отыр. Желкенді спорт бәсекесіне Армения, Өзбекстан елдерінен, Шымкент, Түркістан, Алматы қалалары мен жергілікті балқаштық спортшылар қатысуда.
Арам Хачатрян — «Балқаштық желкенді қайық спорт федерациясының» төрағасы: «Алғаш рет регатаны 2017 жылы өткіздік. Биылғы жылғы жарыстың ауқымы кеңейіп халықаралық дәрежеде өтіп отыр. Келесі жылы қатысушылар санын арттырып, Беларусь, Ресей, Грузия елдерінен спортшылар шақыртпақпыз. Басты мақсатымыз Балқаш туризмі мен спортын дамытсақ деген ой»
Додада нәзік жанды қыздардың да қарасы көрінеді. Соның бірі 13-тегі Светлана Чуликова. Желдің ыңғайына қарай желкенді қайықты басқаруды біледі. Шаһарымыздағы халықаралық жарысқа Шымкенттен келген 10 қатысушының бірі. Алғашқы жарыс күнінің бірінші айналымында қарсыластарынан қалыспай мәре сызығына 2-ші болып жетіп отыр.
Светлана Чуликова – жарыс қатысушысы:«Бұл менің алғашқы жарысым. Регатамен 2 жылдан бері айналысамын. Тобымызда 10 адамның алды 1 жарым, ең арғысы 10 жылдан аса желекенді қайық спортымен айналысып келеді. Ең алғашында қатты желмен арпалысу оңайға соқпады, қайығым суға аударылып кеткен кездер болды»
40-қа жуық адам қатысып отырған регата жарысы 4 топ бойынша өтуде. Олар: луч, луч-радиал, кадет және оптимис. 4 күн бойы қатысушылар көк теңізде үшбұрыш бағытымен 2 айналым жасап, яғни күніне 1 жарым шақырымға жуық жерді жүріп өтеді. Халықаралық регата қыркүйектің 9-ына дейін жалғасып, сол күні жеңімпаздар марапатталмақ. Үздік спортшыларды бағалы сыйлықтар күтуде.
Мақсұт Нарбаев — мемлекеттік тренер: «Балқаш төңірегінде баяғыда болған одақ кезіндегі жандандыруымыз керек. Оған үлкен үлес қосып отырған мына акиматқа үлкен алғыс және мына Балқаш желкенді спорт федерациясының президентіне Хачатрян Арам Рафиковичке айтқым келеді. Біріншіден мына Балқаш қаласының желкенді спортын көтеруге үлкен үлесі болады. Екіншіден осы жерде жастарымыз осыған талпынып, осыған келіп жастарымыз қызығып, осы спорт түрімен айналысса үлкен бір мақсатымыз». Өте қолайлы жер. Алдағы уақытта оқу жаттығуларын өткізсек деп ойлаймыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login