Балқашта қайырымдылық концерт өтеді

«Үміт үзбе» бірлестігі қалалық білім бөлімімен бірлесіп осылайша оқушыларға мектепке әзірлікке көмектеспек. Қайырымдылық концерті 6 қыркүйек күні оқушылар сарайында өтеді. Шарада балқаштық жас әртістер өнер көрсетеді. Билет құны 500 теңге. Концерттен түскен қаржы мұқтаж балаларға оқу жылына әзірлікке жұмсалады. Қайырымдылық шарасына қолдау білдіремін деген көрермендерді 6 қыркүйек күні кешкі сағат 18.00-де күтеді.

Ирина Рожкова – «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы:«6 қыркүйек күні біз 10-шы мерейтойлық концертімізді өткіземіз. Бұл жолғы кеш республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында өтеді. Одан түскен қаржыны аз қамтылған отбасының балаларына концелярлық тауар алып беруге жұмсаймыз. Біздің шығармашылық топтың жас құрамы өзгерді, көп балалардың жасы 12-ден төмен»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login