Арменияда желкенді қайық регатасынан халықаралық жарыс өтті

Оған Қазақстан атынан Балқаш  командасы қатысты.

Сайыс  тамыздың 24 мен 30 аралығында Арменияның Севан қаласындағы Севан көлінде болды. Оған 4 мемлекеттен 6 команда қатысты. Атап айтқанда Ресей, Грузия, Қазақстан, Армения желқайықшылары өзара мықтыларды анықтады. Балқаш құрамасы бұл бәсекеде үздіктер қатарынан көрінді. Луч санатында өнер көрсеткен Костиков Николай қанжығасына алтын медальды байласа, Ситор Степан  қола жүлдегер атанды. 

Степан  Ситор – желкенді қайықтан өткен халықаралық жарыстың қола жүлдегері: «Бұл сайыс мен үшін оңайға соқпады. Себебі, қарсыластар мықты болды. Бірақ, бар күш жігерімді салып 3 орынға ие болдым. Болашақта одан да биік белестерді бағындыратыныма сенемін

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login