Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, 83 жастағы әйел көз жұмды.
Қарағанды бағытындағы Алматы-Екатеренбург тас жолының 703 шақырымында «Опель» маркалы автомобиль мен «Фотон» жүк көлігі соқтығысқан. Қатты соққы жеңіл көліктің жолаушы отыратын тұсына дәлме дәл тиген. Нәтижиесінде 83 жастағы әйел адам оқиға орнында мерт болды. Одан өзге апат салдарынан 2 адам зардап шекті. 51 жастағы ер азаматтың иық тұсы сынса, 53 жастағы балқаштық тұрғынға стресске өткір реакциясы бар деген диагноз қойылды.
Қуат Хайдаров — Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі: «Біздің бригада оқиға орнында көліктен мәйітті шығару бойынша апаттық құтқару жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек жол көлік оқиғасынан екі адам зардап шеккен. Олар қалалық орталық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login