Балқаштық 12 мектеп пен 1 балабақша жаңа оқу жылы қарсаңында жөндеу жұмыстарынан өтті

Білім ордаларында терезелер ауыстырылып, жылу жүйесі мен аулалар жаңартылды.

№16  мектепте жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр. Бүгінгі таңда кеше ғана ауыстырылған пластик терезелер жуылып,  өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл әйнектерді ауыстыруға бюджеттен 20 миллионға жуық қаражат бөлінсе, жылу құбырларын жаңалауға 10 миллион теңге жұмсалған.

Сәуле Амангелдина – №16 орта мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары: «Мектеп суық болғандықтан биыл терезе толығыменен ағаш терезелер пластик терезелерге ауыстырылды.  Одан кейін жылу жүйесіндегі пластик трубалар болғандықтан чугун трубаларға айырбасталып, 3 қабаттағы ең суық кабинеттерге жаңа радиаторлар қойылды, жылыту жүйесі айырбасталды

3 қабатта едендерді жылыту бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Ол үшін бюджеттен қосымша 1,5 миллион теңге қаражат бөлінген. Барлық жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталады.

Сәуле Амангелдина – №16 орта мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары: «Мектептің 3 этаждағы  кабинеттердің суық болуына байланысты, полға жаңа линолиумменен жылы пол жасап жатырмыз. Оған узб менен жылу қағаздар төселіп жатыр. Енді келешекте мектеп жылы болады деп үміттенеміз»

Биыл шаһарда 12  мектеп пен 1 балабақша жаңа оқу жылы қарсаңында жөндеу жұмыстарынан өтті. №7, 8, 9, 10, 16 мектепте, 2 интернатта және Саяқ кентіндегі білім ордасында ескі терезелер жаңа пластикке ауыстырылды. Одан бөлек 9, 16, 3 мектеп мекемесінде және Айгөлек балабақшасында жылу жүйесі толықтай жаңартылды. Өзге білім ордаларының шатырлары мен спортзал едендері ауыстырылса 17 білім ордасының алаңы абаттандырылып, асфальт, брусчатка төселді. Бұл жұмыстардың барлығына 270 млнға жуық  қаржы бөлінді.

Айдос Қуанышбаев  — Балқаш қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары: «Жөндеу өткізілген барлық нысандар құжаттамадан өтті. Шаһардағы білім ордалары жаңа оқу жылына толыққанды дайын»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login