Үш адам зардап шегіп отыр, оның ішінде 2 жасар бала да бар. (Құтқарушыларға жедел қоңырау сенбі күні таңғы4-ке қарай келіп түседі. Алматы-Екатеринбург жолының 590-шы шақырымында, Балқаштан 50 шақырым жерде «Volkswagen» маркалы көлік аударылады. Салдарынан көліктегі 34 пен 35 жастағы екі үлкен адам мен 2 жасар бала зардап шегеді. Жолаушылар оқиға орнынан бірден орталық ауруханаға жеткізілген.
Қуат Хайдаров — Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі: «Зардап шегушілердің бәрі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Алған жарақаттары орташа ауыр деңгейде. Жабық бас сүйек ми жарақатын алған. 2 жасар баланың сол жақ жамбас сүйегі жабық сынған. Травматикалық шок алған. Бәрі де Балқаш қалалық орталық ауруханасына жеткізілді»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login