Өткен сенбіде қаламызда әкім бастаған бір топ адам #Birge #TazaQazaqstan акция аясында сенбілік өткізді. Шараға еріктілер мен мемлекеттік ұйым және коммуналдық мекеме қызметкерлері қатысты. Тазалық жұмыстары қаламыздағы 90 квартал мен көл жағалауына жасалды. Қоқысты аумақтарды тазартуға 2 жүк тиегіш пен 3 жүк түсіргіш көлік жұмылдырылды. Ізгі шараға атсалысуға «Жасыл ел» жасағынан 30 адам, «БалхашЭнерго», «БалқашСу», «СуЖылуТранс» мекемелерінен он-оннан қызметкер келді. Мемлекеттік мекеме ұжымдары да қатысты.
Ораз Тәуірбеков – қала әкімі: «Өздеріңіз білетіндей, бүкіл республика бойынша бірге таза Қазақстан акциясы басталып кеткен. Осы сенбіден бастап бұл акцияны біздің қаламызда жалғастыратын болады». «Белсенді азаматтар, біздің шақырғанымызды жерге тастамай, бір ұжымдай болып сенбілікке шығып отыр. Оларға мен көптен көп рахмет айтамын»
Экология министрі бастаған су қоймалары мен, өзен, көлдердің жағалауын тазартуға арналған #Birge #TazaQazaqstan акциясын жаңадан тағайындалған қала басшысы қолдайтынын өткен аптада жеткізген болатын. Сенбілік таңғы 9-дан бастап түскі 2-ге дейін жалғасты. Тазалық жұмысының басты нысаны 90 квартал аумағы болды. Ол жерден 10 камаз қоқыс шығарылды. Ал екінші аумақ көл жағалауы. Нан зауытынан Рембазаға дейінгі жерден 2 жүк көлігін толтырар қоқыс тазаланды. Сенбілік қатысушылары болса, қала тазалығына үлес қосудан тартынбайтындарын жеткізді.
Аңсар Қазкенов – ерікті: «Біздің қаламыз Балқаш қаласы таза болу үшін барлығына дайынбыз. Өз көмегімізді көрсетуге және де өз қолұшымызды беруге әрқашанда дайынбыз»
Мақсат Ысқақов – ерікті: «Әкімнің бастамасын естіп ерікті түрде акцияға ат салысуға келдік. Қала тазалығы ең өзекті мәселердің бірі. Тұрғындар да бей-жай қарамаса дейміз. Акция арқылы балқаштықтарды қаланы таза ұстауға шақырамыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login