Балқаш жаңалықтары 25.06.2019

  1. Балқашқа Арыс қаласынан жүздеген бала келеді. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысының Арыс қаласында әскери қойма аумағында жарылыс болған еді. Салдарынан екі адам қаза тауып, 60-қа жуық жан зардап шекті. Баспаналары қираған тұрғындарды жақын маңдағы елді-мекендерге шоғырландырды. Ал 26 маусым күні Балқашқа жүздеген Арыстық бала келеді. Оларға «Балдәурен» орталығы есігін айқара ашпақ. Балқаштықтардан балалар қажеттілігіне жарар киім мен жеке бас гигиена  заттарын жинау басталды. Көмек қолын созамын десеңіз, «Жастар ресурстық орталығына» жүгіне аласыз. Толық ақпаратты 4 47 11 номерінен біле аласыздар
  2. «Халық банк» өз клиенттеріне жаңартылған қызмет түрлерін ұсынып отыр. Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге арналған өзара төлем жүйесі бұдан былай үздіксіз жұмыс істейді. Жаңашылдықпен бөлісіп, сапаны одан әрі жақсарту үшін банк басшылығы кәсіпкерлерді банкке емес, мейрамханаға таңғы шайға шақырды
  3. Балқаш  гүлзарлары 100 мыңнан астам гүлдермен толығады. Конкурстық жұмыстардың  ұзаққа созылуына байланысты  биыл гүл отырғызу шаралары жылдағыдан кеш басталды. Жұмысқа кімдер кірісті?Қандай гүлдер отырғызылды? Толығырақ бейнематериалда
  4. Бабалар аманаты-қасиетті домбра! Осындай атаумен балқашта күйшілер байқауы өтеді. Сайыс  шілде айының бірінші жексенбісінде тойланатын домбыра күніне орай ұйымдастырылады. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмаған.  Балалардан бастап қарттарға дейін қатыса алады. Байқаудың шарты бойынша 1 шертпе 1 төкпе күй орындаулары тиіс. Сайысқа қатысу үшін мәдениет сарайындағы мәдени сауық орталығына барып өтініш жазу қажет. Кейін шілде айының соңғы жексенбісінде күйшілер арасында сайыс ұйымдастырылады. Үздіктері анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады
  5. Балқаштықтар сенбі күні байытушылар күнін атап өтеді. Мерекеге орай 29 маусым күні Желтоқсан көшесінде Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Қала тұрғындарына Қуандық Рахым, Айдана Меденова, «Азия&Бақай» топтары, Абдулкарим Каримов мен Q-POP жанрындағы «Mad Men» мен «Juzim» топтары өнер көрсетеді. Басталуы сағат кешкі 19.00-де. Ал жұлдызды кештің тізгіншісі Нұрсұлтан Есжан болмақ. Мерекелік концерт от шашумен аяқталады
  6. Балқашта бокстан халықаралық турнир басталды. 5 күн бойы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің рингінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікістаннан келген былғары қолғап шеберлері өз арасында мықтыны анықтайды. Турнирге 15-16 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер қатысады
  7. Балқаштық футболшылар Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында үздік атанды. Турнирдегі үш атаулы номинацияның үздік шабуылшы және үздік қорғаушы аталымдарын еншіледі. Жерлестеріміз аяқ доп жарысына Қарағанды облысы құрамасы атынан шыққан. Финалдық кезеңде Алматылық қарсыластарын шаң қаптырып, бірінші орын иеленген. Команда сапындағы Алдияр Амангелді «Үздік шабуылшы», ал Әли Ақылбаев «Үздік қорғаушы» атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login