22 маусым күні Техснаб кентінің 15 жастағы тұрғыны суға батып, қаза тапты. Қайғылы оқиға жылу электр станциясының маңындағы жылы ағыста болған. Жеткіншек бұл жерде інісімен бірге жүріп, шомылмақ болады. Алайда биыл ғана 9 сынып бітірген жеткіншекті қатты ағын ағызып әкеткен. Суыт хабар құтқарушыларға түскі сағат 12.00-де келіп түседі. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушыларәуелі су ағынын тоқтатып, артынша сүңгуірлер су астында іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 15 жастағы жасөспірімнің өлі денесі сыртқа шығарылады
Балқаш маңында жол көлік апаты болып, екі адам зардап шекті. Алматы Екатеринбург трассасында келе жатқан жеңіл көлік жүк көлігіне соғылған. Түрлі жарақатпен екі адам ауруханаға жеткізілді. Апат таңғы төрт жарымда балқаштан 25 км қашықтықта болған. «Тайота» мен жүк көлігі бір-біріне соғылады. Салдарынан 57 және 77 жастағы екі әйел ауруханаға түсті. Қазір ОҚО екі тұрғыны жан сақтау бөлімінде. Олар бас ми жарақатын алған. Аяқ қолдары мен иығы да сынған
Балқаштық түлектер ҰБТ кезінде cмартфонмен, шпаргалкамен ұсталды. Балқаш қаласы бойынша орташа бал 65,2. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 балға аз. Былтыр балқаштықтар 74,9 ұпай жинаған болатын. Тексеріс кезінде оқу орнына кіре берісте және аудиторияда 35 смартфон тәркіленген. 16 шпаргалка табылған. Бұрын соңды мұндай ереже бұзушылық балқашта тіркелмеген. Биыл комиссия мүшелері қатал болды ма, әлде тексеріс тыңғылықты жүргізілді ме, әйтеуір талапкерлердің қулығы әшкере болды. Ең жоғарғы ұпай 15 мектеп түлегі Сессиева Томириске тиесілі. Ол 126 бал жинаған. Ал ең төменгі ұпай 24. Биыл 1 түлек аппелияциялық шағым түсірген.
Балқашта жасыл желекті зиянкестерден қорғау жұмыстары жүргізілуде. Әуелі қала көшелеріндегі ағаштар, одан соң орталық саябақ пен қала ішіндегі шағын гүлзарлар залалсыздандырылмақ. Иванов көшесіндегі ағаштарға жапырақ жегіш қоңыздар мен түрлі зиянкестерден қорғау үшін химиялық ерітінді себілді. Бұл көше залалсыздандыру кестесіндегі соңғы көше болып табылады. «Димилин» химиялық дәрісі мектеп пен балабақша ауласындағы жасыл өскіндерге себілген. Келесі кезекте саябақ пен шағын гүл бақтары. Қала бойынша 40гектар аумаққа дәрі себіледі. бүгінде 20 гектар профилактикадан өтті. Қалған учаскені келесі аптада аяқтау жоспарлануда.
Балқаш жастарын «Жасыл ел» жасағы шақырады. Жаз айларында 16 мен 29 жас аралығындағы 90 адам уақытша жұмыспен қамтылады. Алғашқы жұмыс маусымы осы аптада басталады. Өтініштер шілде мен тамыз айларына қабылдануда. Бүгінде 35 орын бос. Бұл орындарға 16 мен 29 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жүрген азаматтар үміткер бола алады. Жасаққа мүше болу үшін жұмысқа орналасушы жастар ресурстық орталығына жеке куәлігін алып келсе жеткілікті.
Балқашта 20 ға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Шаһарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шарада білім, құрылыс, жылу энергетика сынды салалардан 15 мекеме жұмыскер іздеді.
Балқаштық студенттер жас болса да талай биіктікті бағындырып үлгерген балқаштың тумаларымен кездесті. Жиын жастар ресурстық орталығында өтті. Қонақта «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген Анвара Садықова мен табысты кәсіпкер 21 жастағы Олжас Нәмет. Олжас қаламыздағы №2 интернатта, артынша Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» интернатында оқыған. Инженер мамандығы бойынша жоғары білім алған. Кейін бизнеске қадам басып, жарнама, ивент агенттігін және құрылыс компаниясын ашқан. Олжас Нәметпен бірге жиынға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген Анвара Садықова қатысты. Жастайынан би өнеріне ден қойған ол, бүгінде елордадағы Қазақ ұлттық хореография академиясында қызмет етеді
Балқаштық каратисттер халықаралық турнирде ең мықты команда атанды. Біздің спортшылар түрлі дәрежедегі 30-дан астам медальді қанжығасында байлады. Екінші орынды Шымкент командасы иеленсе, үшінші орынға алматылықтар жайғасты. «Балқаш жолбарысы» халықаралық турниріне 170-ке жуық қатысушы келді. Қазақстан мен Қырғызстаннан келген спортшылар «Мысшылар» стадионында екі күн бойы мықтыны анықтады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login