Балқаштық дін қызметкерлері қайырымдылық акциясын жариялады. Игі іске қатысу үшін азық түлік әкеліп мешітке өткізу қажет. Жиналған өнім мұқтаж отбасыларға, жағдайы төмен көпбалалы жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылып беріледі. Тұрғындардан 2 келі ұн, 2 литр сұйық май, 2 кг рожки, 1 қорап шәй, 2 келі күріш, 2 кг вермишель, 2 келі қант қабылданады. Қазірдің өзінде 30 адам тізімде көрсетілген өнімдерді өткізіп қойған. Игі іс 30 мамырға дейін жалғасады. Ал, 31 мамыр Қадыр түні қарсаңында азық- түлік 100-ге жуық мұқтаж отбасыға таратылады.
Рауан Айтқазин – Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы: «Мұқтаж жандарға көмек» атты акция ұйымдастырып жатырмыз. Оны қаламыздағы мұқтаж жандарға, мүгедектерге, 1,2,3, топтағы мүгедектерге иншалла көмектестіріледі. Әкімшіліктен тізім алынады. Осы тізім бойынша оларға көмектесіп, осы біз ауқымды жағдайда көмектескіміз келеді. Ақшалай қабылданбайды, тек қана продуктымен қабылдаймыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login