Балқашта ауыз су хлорланады. Ертең резервуарларға химиялық элемент себіледі. Хлорлау бірінші су қоймасында жүргізіледі. Онда 2000 кг кальций гипохлориті себіліп, 6 сағатқа қалдырылады. Кейін зертханашылар химиялық анализ жүргізеді. Норма бойынша судың бір текше дециметрінде хлордың құрамы 100 миллигармнан аспауы тиіс. Ал таңертең яғни 22 күні хлорланған ауыз су қалаға жіберіледі.
Виталий Хегай – «Балқаш су» КМК өндірістік-техникалық бөлім басшысы
«22 мамыр күні таңғы сегізде хлорланған ауыз суды қалаға жібереміз. Тұрғындарға айта кетер жағдай, өткір иіс сезілген жағдайда кранды біраз ашып қоюға кеңес береміз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login