Балқаш жаңалықтары 20.05.2019

1.Балқашта ойын алаңдарының қауіпсіздігін тексеретін комиссия құрылды. Баланың сырғанауға арналған төбешіктен құлауы осындай шаралардың қолға алынуына себеп болып отыр. Естеріңізге сала кетсек оқыс оқиға қаламыздағы Астана аллеясында болды. 11 жасар ұл бала сырғанауға арналған төбешіктен құлап, бас сүйегін зақымдаған. 1 аптадай орталық ауруханада ем қабылдаған бала бүгін үйіне шығарылды. Оқушы құлаған ойын кешеніне демонтаж жасалған. Анықталғандай қаладағы алаңдар мен саябақтардағы ойын алаңдарына жеке меншік фирма жауапты. Комиссия құрамына тұрғын үй коммунадық шаруашылық өкілдері мен тұрғын үй инспекциясының мамандары, жол қызметі, қоғамдық кеңес пен депутаттық корпус енді.

2. Балқашта ауыз су хлорланады. Хлорлау бірінші су қоймасында жүргізіледі. Онда 2000 кг кальций гипохлориті себіліп, 6 сағатқа қалдырылады. Кейін зертханашылар химиялық анализ жүргізеді. Норма бойынша судың бір текше дециметрінде хлордың құрамы 100 миллигармнан  аспауы тиіс. Ал таңертең яғни 22 күні хлорланған ауыз су қалаға жіберіледі

3. Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен толықты. 18 мамыр халықаралық музей күніне орай мұражайда ерекше кеш өтті. Шарада бойжеткендер қорда сақтаулы әшекей бұйымдарды тағып, сән көрсетсе, жігіттер жағы тас, қола дәуіріндегі ежелгі адамдарды бейнеледі

4. Өткен жұмада қаламызда «Жігіттің сұлтаны» анықталды. Байқауда 20-29 жас арасындағы өрт сөндірушілер, әскери қызметкерлер, құтқарушылар және полицейлер өзара бақ сынасты. Сайыста серілердің білімі мен өнері бағаланып, гир көтеру мен садақ ату шеберлігі сыналды

5.Ертең мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. Осы мейрамға орай зейнеткерлерден құралған «Балқаш сазы»  және «Живая память»  хорында қонақта болдық. Аталар мен әжелерден құралған хор жайлы толығырақ бейнематериалда

6. Қаламызда еркін күрестен республикалық турнир өтті. Боз кілемдегі жарыс балқаштық балуан, еркін күрестен спорт шебері Ержан Долбаевты еске алуға арналған. Онда Алматы, Жамбыл облысы мен Семей, Өскемен сынды қалалардан 130-дан аса спортшы бақ сынасты

7. Демалыс күндері қаламызда ерлер арасында стрейтбол баскетболдан ашық біріншілік өтті. Бұл ойынның басты ерекшелігі мұнда әдеттегідей бір командадан 5 емес 3 қатысушы. Сондай-ақ, екі командаға бір баскетбол торы. Екі күнге жалғасқан жарыста 12 құраманың арасынан үздіктер анықталды

_____________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login