Балқашта жасыл –желекті сауаруға арналған құбырлар тексерістен өтуде. Мамандар желілерді сынақтан өткізіп, ақау шыққан жерлерді жөндемек.
Қаламызда гүл отырғызу жұмыстары басталды. Мәдениет сарайы мен оқушылар сарайының маңайына 5 мыңнан аса гүл отырғызылмақ
Балқаштықтарды жартылай марафонға қатысуға шақырады. Әуесқой жүгірушілер 15, 10, 7 және 5 км қашықтықты еңсерулері керек. 15 км қашықтыққа жүгіру жарысына 21 мен 39 жас аралығындағы ерлер қатысады. Осы жас аралығындағы әйелдер және 40 жастан асқан ер-азаматтар 10 км жүгіреді. Ал жасы 40-тан асқан нәзік жандар мен 21 жасқа дейінгі қыздар мен жігіттер 7 км бағындыруы тиіс. 17 жасқа дейінгі оқушы қыздар мен ұлдар болса 5 км еңсерулері керек. Бірінші орын 100 мың, екінші орын 80 мың, үшінші орын 60 мың, төртінші орын қырық, бесінші орын жиырма мың теңгемен марапатталады. Марафон 14 маусым күні басталады. Қатысуға тіркелу қалалық спорт бөлімінің balsport@mail.ru сайтында 15 мамырда басталып 13 маусым күні аяқталады.
Мектеп оқушылары бір күнге құтқарушыларға айналды. Қалада жас құтқарушылар олимпиадасы өтті. Онда оқушылар суға кеткен адамды құтқарып, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетті
Еркін күрестен өткен жарыста жерлестеріміз екі алтын, екі қола медальға ие болды. Қарағандыда өткен республикалық турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ге тарта спортшы қатысқан. Бұл жарысқа Балқаштан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің 7 тәрбиеленушісі барып, қала намысын қорғап қайтты. Нәтижесінде екі балқаштық 51 келі салмақта боз кілемге шыққан Нұрдәулет Оразан және 65 кг салмақта күрескен Данияр Жұмаш алтыннан алқа тақты. Тағы екі спортшымыз Елдар Ерқасымов пен Азат Орал қола жүлдені қанағат тұтты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login