Балқаштықтарды жартылай марафонға қатысуға шақырады

Балқашта 14 маусым күні жартылай марафон өтеді. Спорттық шара биыл екінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Былтыр қатысушылар Қоңыраттан қалаға қарай жүгірсе, биыл шаһар ішінде жүгіреді. Әуесқой жүгірушілер 15, 10, 7 және 5 км қашықтықты еңсерулері керек. 15км қашықтыққа жүгіру жарысына 21 мен 39 жас аралығындағы ерлер қатысады. Осы жас аралығындағы әйелдер және 40 жастан асқан ер-азаматтар 10 км жүгіреді. Ал жасы 40 асқан нәзік жандар мен 21 жасқа дейінгі қыздар мен жігіттер 7 км бағындыруы тиіс. 17 жасқа дейінгі оқушы қыздар мен ұлдар болса  5 км  еңсерулері керек. Қатысушылар мәдениет сарайының артындағы саябақта жиналып,  Желтоқсан, Спицын, Қараменде би, Қадыржанов, Ағыбай батыр, Ленин, Әлімжанов көшелерін жүгіріп өтеді. Жеңімпаздар әр жас санаты бойынша анықталады. Мәреге бірінші болып жеткен алғашқы 5 қатысушы қаржылай сыйға ие болады. Бірінші орын 100 мың, екінші орын  80 мың, үшінші орын 60 мың, төртінші орын қырық, бесінші орын жиырма мың теңгемен марапатталады. Қатысуға тіркелу қалалық спорт бөлімінің  balsport@mail.ru  сайтында 15 мамырда басталып 13 маусым күні аяқталады.  

Ізбасар Шакенов-қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің жетекшісі: «Жарысқа қатысушыларға медициналық анықтамасы керек болады. Көшірмесі болса да жеткілікті. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен студенттер командалық өнім жасаса да жеткілікті. Он төрті күні таңертеңнен бастап адамдарды тіркейміз, сол жерде нөмір алады, содан кейін жүгіріс басталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login