Балқаштық оқушылар республикалық шығармашылық фестивальде топ жарды. Байқауда Нұрасыл Мадяров және Аруана Малик түсірген қысқа метражды фильм 1,2 орынға лайық деп танылды. Шығармашылық фестивалі Қарағанды қаласында өтті. Онда 8 номинация бойынша 18 бейнеролик әділ қазылар алқасына ұсынылған. Атаулары әлеуметтік жарнама, деректі фильм, анимация, киножурнал, ералаш, музыкалы фильм және ойын киносы. Соңғы екі номинацияда балқаштықтар жеңімпаз атанды. Оқушылар сарайының «Стоп-кадр» телестудиясының тәрбиеленушілері Аруна Малик және Нұрасыл Мадияров енді Қостанайда өтетін республикалық байқауда қала намысын қорғайды.
Нұрасыл Мадяров-республикалық шығармашылық фестиваль жеңімпазы
Біз бұл бейнеклипті барлығымыз отырып дайындадық. Оны көптеген балалардың ойластыруымен осы клипті түсіреміз деген шешімге келдік. 3 сағаттай түсірдік.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login