Қаламызда ескі балалар алаңын қайта қалпына келтіру эстафетасы кәсіпкерлер, депутаттар және кәсіпорын басшылары арасында қолдау тапты. Өткен аптаның соңында тағы 3 ойын алаңы жаңа кейіпке енді. Бұл жолы «Эко челлендж» Шашубай м\а, Әлімжанов көшесінде және Балқаш станциясында жүргізілді.
Бұл эко челленджге қоғамдық кеңес мүшелері де қолдау білдірді. Үнемі ресми стильде жүретін депутаттар, мектеп, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік қызметкерлер бұл жолы стильдерін ыңғайлы спорттық киімге ауыстырған. Қаладан Балқаш станциясына келіп, сенбілік өткізді. Қыстан қалған қалдықтарды жинап, станцияның бір бөлігін қоқыстан тазартты.
Берік Сейсембеков-қоғамдық кеңес мүшесі
«Эстафетаны қолға алдық. Ұйымдағы мүше жастарымыз бар. Станциямызда сенбілік өткізіп.»
Берік Алипов- қоғамдық кеңес мүшесі
«2-3 аптадан бері тазалық жұмыстарын жасаудамыз. Бәріміз де қаламыздың таза, жарқырап тұрғанын қалаймыз»
Әділхан Әліп –челленджге қатысушы
«Қаламыз таза болсын деп тілейміз»
Қоғамдық кеңес мүшелері одан кейін жастармен бірлесіп ескі балалар алаңын қайта қалпына келтіруге атсалысты. Қолдарына бояу алып, әткеншектер мен ойын құрылғыларын сырлап шықты.
Бұл челлендж өткен аптада кәсіпкер Шыңғыс Даданбаевқа жолданған болатын. Жас бизнесмен эстафетаны қабыл алып, Шашубай мөлтек ауданындағы балалар алаңын жөндеді. Керек-жарақтың барлығын өз қаржысына сатып алған. Ойын алаңын бояп шығуға, қала жастар көмектесті.
Шыңғыс Даданбаев -жеке кәсіпкер
«Балқаш қаласының белсенді жастарынан эко челленджді қабыл алған едім. Шашубай ықшам ауданының ойын алаңын жақсартуды қолға алған едік. 3-4 сағаттың ішінде қалпына келтіреміз»
Эстафетаны вайнер Әділжан Бейсембаев та қабыл алды. Ол Әлімжанов көшесі №6 тұрғын үй ауласындағы ойын алаңын қалыпқа келтірді. Айта кетейік, өткен аптада еріктілер «эко челлендж» эстафетасын бастап, оны 3 адамға жолдаған болатын. Соның бірі қала әкімі. Алайда шаһар басшысы әлі үнсіз. Қалғандары сөздерінде тұрып, бір-бір балалар алаңын қалыпқа келтірді. Сонымен өткен аптадан бастап 4 ойын алаңы жаңа кейіпке енді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login