Балқаш жаңалықтары 11.04.2019

1. Қызға зорлық көрсеткен 4 балқаштықтың жазасы қатаңдатылды. Енді жәбір көрсеткендер 5 жарым жыл емес, 8 жыл өмірін темір тордың әр жағында өткізеді. Еске сала кетейік, қылмыстық оқиға былтырғы жылдың мамыр айында болған. 4 жас жігіт түнгі клубтан шығып келе жатқан қызды көріп, оның ізіне түседі. Кейін қызды қинап көліктеріне мінгізіп алып, көл жағалауында арам ойларын жүзеге асырады. Балқаш қалалық сотының шешімімен бес жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда, жәбірленуші сот шешімімен келіспей, апелляцияға берген.

2. Техснаб кентіне барар жолды су басып қалды. Тіпті тұрғын үйлерге жақындап қалған. Тұрғындардың бірі бұл еріген қар суы десе, бірі басқа болжам айтып отыр. Ал жауапты мамандар қауіпті сейілту үшін құмнан бөгеттер жасамақ.

3.«Мысшылар»  стадионында волейбол, баскетбол, футбол ойнайтын әмбебап корт пайда болады. Одан бөлек ескі трибуналар жаңаланып, сыртқы қоршауы ауыстырылады. Қазір спорт кешенінде жөндеу жұмыстары басталды.

4. 1 сәуірден бастап тағы 300 қызмет түріне онлайн касса орнату міндеттелді.  Бұл заң  тіпті таксистер мен дін қызметкерлеріне де қатысты. Тыбысын онлайн жүйе арқылы көрсетпеген жағдайда айыппұл қарастырылған.

5. Хабар-ошарсыз кеткен балқаштықтарды іздеп-табуға атсалысып жүрген К-9 еріктілер тобының құрылғанына 8 жыл толды. Осы уақыт аралғында оларға 40-қа жуық адам жүгінген. Негізін салушы – Олег Никитин. Ол алғаш рет көршісінің туысын іздеуге шыққан. Осылайша қасына өзі секілді біреудің қайғысына бей-жай қарамайтын адамдарды жинайды. Қазіргі таңда к-9 құрамында тұрақты 15 ерікті бар

6. Балқаш қаласы 82 –ші туған күнін атап өтті. 1937 жылы 11 сәуірде Прибалхашстрой жұмысшылар кентіне қала атауы берілген болатын. Бір кездері көкше көлдің маңайында жазық дала мен барақтар ғана болса, қазір күн санап көркеюде. Шаһардың туған күніне орай біз балқаштың кешегісі мен бүгінгі күнін суреттер арқылы салыстырып, сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік

7. Балқаштың  көне  суреттерін  қалалық мұражайдан көруге болады. Кеңес үкіметі кезіндегі шаһардың суреттері көрмеге қойылды. Музей қызметкерлері ел назарына 20-ға жуық альбом ұсынып отыр. Мұнда Балқаштың атақты тұлғаларын және сол уақытта қаламыздың спорттық және мәдени шараларының қалай өткенін көруге болады.

______________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login