Жол ережесін бұзып, қоршауды сындырған балқаш тұрғынына 100 мыңнан аса айыппұл салынды.22 жастағы балқаштық жүргізуші куәлігі болмаса да рөлге отырып, қаланы аралаған. Ал соқтығыс кезінде қасындағы жолаушының денсаулығына зақым келген. Жол көлік оқиғасы желтоқсан айында болды. Таңғы 4 тер шамасында мазда көлігін тізгіндеген балқаштық Мухамеджанов мөлтек ауданына қарай бет алған. Жанында екі жолдасы болыпты. Алайда жүргізуші Амангелді көшесіне бұрыла бергенде рөлге ие бола алмай, ветеринарлық зертхана маңындағы бетон қоршауға барып соғылған. Нәтижесінде қоршау сынып, қасындағы жолаушылардың бірінің денсаулығына зақым келген. Оған қоса айыпталушының жүргізуші куәлігі болмаса да рөлге отырғаны анықталды. Сотта жол ережесін бұзушыға 100 мың теңге айыппұл салынды. Оған қоса ол келтірілген шығынды өтеуі тиіс.
Динара Бапаева – мамандандырылған әкімшілік соттың кеңсе меңгерушісі
« Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын ескеріп, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 829 бабы, 2 тармағы бойынша жалпы айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқартты».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login