15 балқаштық отан алдындағы міндетін өтеуге аттанды. Балқашта көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Осы маусымда 18 бен 27 жас аралығындағы 1800 адам медициналық комиссиядан өтуі тиіс.Алайда солардың арасынан денсаулығы бойынша жарамды 160 адам ғана әскерге аттанады. Оның 60 Ұлттық ұлан қатарына, тағы сонша адам қарулы күштер құрамына жіберіледі. Шекараны қорғауға 37 балқаштық аттанса, 2 адам күзет қызметіне жолданады. Көктемгі әскерге шақыру науқаны мамыр айының соңына дейін жалғасады. Әзірге 15 адам отан алдындағы борышын өтеуге аттанған.
Бижан Мағауин-келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау бөлімінің басшысы
« Қазіргі таңда 200 бала шақыру комиссиясынан өтті. Денсаулықтарына келетін болсақ, көзі нашар көретіндер, майтабандар көп кездеседі. Олар қосымша дәрігерлік тексеруге жіберіледі. Одан жарамды болса облыстық комиссияға жіберіледі.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login