2. Ал келесі күні қар суы қаладан шыға беріс аймақты алып кетті. Алматы-Қарағанды трассасының қиылысындағы жол су астында қалды. Мамандардың айтуынша қызыл су Ақтоғай аймағынан келген. Северный кентінің маңында орналасқан арық бітеліп қалып, салдарынан қар суы жолға жайылыпты. Апаттың көзін жою үшін бірнеше құрылымдар бірігіп жұмыс атқарды. Коммуналшылар, құтқарушылар және полицейлер күш біріктірді. Арықты тазалау түнде аяқталды.
3. Әр балаға 21 мың теңге қашаннан бастап төленеді? Бұл жәрдемақы кімге тиесілі? Қала басшылығы мен жауапты мамандар көпбалалы аналармен кездесіп, бұл сауалдарға жауап берді. Толығырақ бейнематериалда
4. Биыл Балқашта Әз наурыз мерекесі мәдениет сарайының артындағы саябақта тойланады. Ұлыстың ұлы күнінде дәстүр бойынша киіз үй тігіліп, түрлі байқаулар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.
5. Балқаштық боксшы қыздар республикалық турнирден 5 медаль ұтып алды. Спортшыларымыз екі алтын, үш күміс иеленіп қайтты. Қызылорда қаласында өткен турнирге Балқаш намысын қорғауға Мысшылар стадионының 6 тәрбиеленушісі барып қайтты. Жарыс нәтижесінде Камила Бажбенова және Гүлназ Буребаева чемпион атанды. Қыздар әрқайсысы үш кездесуден өткізген. Камила Бажбенова финалда қарсыласын есеңгіретіп құлатса, 48 келі салмақтағы Гүлназ Буребаева ұпай санымен ұтып кетті. Ал, апалы сіңілі Гүлсезім мен Әсем Абылайхан және Айғаным Үлкенбаева күміс жүлдеге ие болды.
6.Осы апта қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Алда ұлыстың ұлы күні таяп қалды. Еліміз Наурыз мейрамында 5 күн демалмақ. 23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып ауыстырылды. Осылайша, Әз наурызды қазақстандықтар 21-нен 25-не дейін тойлайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login