Бүгін Қараменде би көшесінде такси өртке оранды. Өрт шыққан уақытта көлікте жолаушылар отырған.
Өрт түскі 3-тер шамасында болды. Такси Караменде би көшесінің бойындағы сауда үйінің маңынан өте бергенде көлік жана бастаған. Жүргізушінің сөзінше фольксваген бірден тоқтаған көрінеді. Не болғанын көруге шыққан көлік иесі алдыңғы бөліктен түтін шығып жатқанын байқайды. Өрт сөндірушілер келгенше куәгерлер жалынды өздері сөндірмек болған. Алайда тек мамандар келгеннен кейін ғана тілсіз жау толықтай сөндірілді. Автомобильдің қозғалтқышы толығымен жанып кетті. Ешкім зардап шекпеді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына қысқа тоқтың тұйықталуы себеп болған.
Иван Татьков –ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бас маманы : «Өртті сөндіруге 2 техника және 10 адам жұмылдырылды. Зардап шегушілер мен жарақат алғандар жоқ.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login