1.Балқашта ер адамды пышақтап кетті. Оқиға Бөкейханов көшесінің бойында болды. 49 жастағы ер адам екі тұрғынмен сөзге келіспей қалып, арты төбелеске ұласқан. Содан жігіттердің бірі қалтасынан пышақ алып шығып, оны зардап шегушіге сұғып алған. Өздері оқиға орнынан тайып тұрған. Алайда алысқа ұзамады. Жол патруль полицейлері ізін суытпай 29 және 32 жастағы екі күдіктіні қолға түсірді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
2. Балқашта жаңа емхана пайда болады. Медициналық мекеме мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша ашылады. Денсаулық сақтау саласындағы осы және өзгеде өзгерістер жайында брифингте айтылды. Аурухана, емхана басшылары өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
3. Нұр Отан партиясының өкілдері және балқаштық кәсіпкерлер бүгін қажырлы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап қайтты. Қонақтар сыйлығын алып 3 мекен-жайға барды. Салтанат Амандықова мүмкіндігі шектеулі 3 баланың анасы. Нұр Отан партиясының және кәсіпкерлер палатасының өкілдері отбасыға тілегін білдіріп, азық-түлік қоржынын және бөбектерге спортқа қажетті түрлі жабдықтар сыйлады. Одан кейін қонақтар 101 жасқа толған әжейді құттықтап қайтты.
4. 8 наурыз мерекесіне орай балқаштық әйелдер туралы айдарымыз жалғасуда. Кейіпкеріміз – №2 емхана бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзира Қосжанова. 30 жылға жуық тәжірибесі бар білікті маман бұл мамандыққа қалай келді? Қызығушылығын оятқан кім? Ол жайында бейнематериалда.
5.Елімізде «Алтын оймақ» деп аталатын дизайнерлерге арналған байқауы өткізілмек. Оған қатысушылар 4 наурыздан бастап 15 мамырға дейін тіркеле алады. Байқауға қатысу үшін http://altynoimaq.fundwomen.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Бірінші кезеңде комиссия өтінімдерді қарап, үміткерлерді іріктейді. Одан кейін сәнгерлер қоғамдық онлайн дауыс беруге қатысады.
6. Өнер мектебінің флейташылары мен домбырашысы күміс және қола медальдармен оралды. Флейташылар ансамбльмен және жеке дара өнер көрсетті. Бір шығарманы бірге орындаған Дана Ислямгалиева мен Юлия Сазонова бесінші орынға ие болды. Юлия жеке орындап та медаль алып қайтты. Ал, Михаил Третьяков Балқаш қоржынына қола салды. Сонымен қатар күйші Әли Нұрлыбайұлы республикалық фестивальден күміс жүлдемен оралды.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login