Балқаштық музыканттар халықаралық және республикалық байқаудан 4 жүлделі орынға ие болды. Өнер мектебінің флейташылары мен домбырашылары күміс және қола медаьмен оралды. Флейтадан Павлодарда өткен халықаралық байқауда елімізден бөлек, Ресей, Германия, Литва, Армения, Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген 700-ден аса қатысушы бақ сынаған. Балқаш намысын қорғауға өнер мектебінің 4 тәлімгері барды. Флейташылар ансамбльмен және жеке дара өнер көрсетті. Қатысушылардың саны көп болғандықтан жүлделі орын әдеттегідей 3-у емес, 5-у . Бір шығарманы бірге орындаған Дана Ислямгалиева мен Юлия Сазонова бесінші орынға ие болды. Юлия жеке орындап та медаль алып қайтты. Ал, Михаил Третьяков Балқаш қоржынына қола салды.
Михаил Третьяков – халықаралық музыкалық байқаудың қола жүлдегері
« Маған «Сәулем-ай» шығармасын орындау қиынға соқты. Өйткені оны өте жылдам орындау керек. Қарсыластарымыз да мықты болды»
Сонымен қатар күйші Әли Нұрлыбайұлы республикалық фестивальден күміс жүлдемен оралды. Қазақтың дәстүрлі аспаптары категориясында домбырашымыз 35 қатысушыны артқа қалдырып, екінші орынға ие болды. Ол, Дәулеткерейдің «Топанын», Сүгірдің «Кер толғауы» мен Ақан серінің «Балқадишасын» орындаған.
Әли Нұрлыбайұлы – республикалық байқаудың күміс жүлдегері
«Маған Қарағанды қаласының дарынды мектептің балаларымен қиынға түсті. Домбыра үйірмесінде қатысып жүргенімен екі жыл болды. Жетекшім Қымбат Мұратовнаның арқасында екінші орынға ие болдым»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login