Балқаш жаңалықтары 24.10.2019

  1. Қалалық сотта жыл басынан бері алимент өндіру, ата-ана құқығынан айыру, әке ретінде тануға қатысты 500 іс қаралған. Оның 100 медиация арқылы  келісіммен шешілген. Судьялар, медиаторлар, қорғаушылар кездесіп, отбасылық жанжалды медиация жолымен шешу мәселесін талқылады. Қазір балқашта 8 медиатор жұмыс істейді. Олар екі тараптың дауын сотқа жеткізбей бітімгершілікпен шешуге күш салады. Жалпы жыл басынан бері отбасылық жанжалға қатысты келіп түскен 500 істің 100-і медиация жолымен шешілген
  2. Қазақстандықтар жаппай мобильді байланыстың өшуіне шағымдануда. Желілер операторлары тіркелмеген пайдаланушыларды оқшаулауға кірісті. Өткен түнде еліміз бойынша IMEI код деректер базасы іске қосылған болатын. Осыған дейін өз нөмірлерін тіркемеген, ЖСН мен  IMEI кодын байланыстырмаған абоненттер байланыссыз қалды. Алайда бұл қажеттіліктерді операторлар ескерткен болатын. Нөмерді байланыс операторының бөлімшесіне бармай-ақ, ұялы телефоннан хабарлама жіберу арқылы да тіркеуге мүмкіндік бар. Байланысты қайта қалпына келтіру үшін өз ЖСН тіркеуден өткізу қажет. Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу туралы норма өз күшіне енген еді. Ол бойынша сәйкестендіру коды базаға енгізілмеген телефондарға қызмет көрсетуге тыйым салынған болатын
  3. Еліміз бойынша 2 млн қазақстандық интернет арқылы сауда жасаған. Ел тұрғындары онлайн тауар сатып алуға 144 миллиард теңгеден астам ақша жұмсаған. Бұл көрсеткіш 3 жыл бұрынғы саудаға қарағанда 2 пайызға өскен. Жалпы алғанда электрондық сауда нарығымен 2 миллион қазақстандық айналысады. Көбіне олар құрылыс материалдарын, тұрмыстық техникаларды, опа-далаптар, киімдер мен аяқ-киімдерді сатып алады. Қызмет түріне 2 есе аз төлейді. Сонымен қатар, онлайн режимінде әуе мен теміржол билеттерін, киноға, театр мен концертке билеттер сатып алады және коммуналдық қызметтер ақысын төлейді. Сарапшылардың айтуынша электронды сауданың дамуы еліміздің экономикалық өсуіне септігін тигізеді. Нарықта тауар айналымы көбейген. Шетелдік өнімдердің сұрыпталымы өсуде, онымен бірге транзиттік әлеуеті де дамуда
  4. Әлемдегі ең әдемі 50 қаланың тізімі жарияланды. Рейтингті Канаданың ең ірі турагенттіктерінің бірі жасады. Компания мыңнан аса журналистер мен туристік блогерлер, агенттік пен саяхатшылар арасында сауалнама жүргізген. Соның қорытындысы бойынша әлемдегі ең әдемі 50 қаланың рейтингі анықталды. Көш басына туристердің сүйікті қаласы Париж жайғасты. Нью-Йорк екінші орында. Үздік үштікті Лондон қортыныдылайды. Ондыққа Венеция, Ванкувер, Барселона, Кейптаун, Сан-Франциско, Сидней, Рим қалалары кірді. Одан бөлек Португалияның Лиссабоны, Нидерландының Амстердамы, Түркияның Ыстамбулы, Қытайдың Бейжіңі мен Гонконгы ең әдемі  50 қаланың тізіміне енді. Ал ТМД елдерінің арасынан туристерге тек Ресейдің Санкт Петербург шаһары ұнаған секілді. Тізімде 35 орында. Өкінішке орай бұл рейтингкке Қазақстан шаһарлары енген жоқ
  5. Балқаштық оқушыларды алда бір апталық демалыс күтіп тұр.  Келесі аптадан бастап оқушылар каникулға шығады.  Күзгі демалыс 28 қазаннан басталып 3 қарашаға дейін созылады. Одан кейін оқушылар 2 ай оқып, желтоқсанның  30 нан бастап 8 қаңтарға дейін қайта демалады. Ал  1 сынып оқушылары  3-9 ақпан аралығында қосымша каникулға шығады. Көктемгі демалыс 21 наурыздан 2 сәуірге дейін болса, ең ұзақ жаздық каникул 26 мамырда басталады. Жалпы 2019-2020 жылғы оқу жылы 34 аптадан тұрады. Оның 30 күні каникул. Балалар демалыста уақытын тиімді өткізу үшін оқушылар сарайында түрлі спорттық сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login