Балқашта 49 жастағы ер адамды пышақтап кетті. Зардап шегуші жедел-жәрдеммен орталық ауруханаға жеткізілген, қазір жағдайы ауыр. Оқиға кеше кешкісін Бөкейханов көшесінің бойында болды. 49 жастағы ер адам екі тұрғынмен сөзге келіспей қалып, арты төбелеске ұласқан. Содан жігіттердің бірі қалтасынан пышақ алып шығып, оны зардап шегушіге сұғып алған. Өздері оқиға орнынан тайып тұрған. Алайда алысқа ұзамады. Жол патруль полицейлері ізін суытпай 29 және 32 жастағы екі күдіктіні қолға түсірді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жанатай Сембеков — облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Басқа ақпарат Қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес таратуға жатпайды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login