Балқаш жаңалықтары 28.02.2019

  1. Балқаш пен Шашубай кентінің жол бойында көлік өртенді. Қызыл жалын автомобиль жүріп келе жатқанда шыққан. Жүргізушіні  салоннан куәгерлералып шыққан. Құтқарушыларға хабар таңғы 5 те түскен. Куәгерлер көліктің өртеніп жатқанын, ал жүргізушінің іште қалғанын өрт сөндірушілерге хабарлаған. Мамандар оқиға орнына жеткенше тұрғындар ер адамды салоннан алып шыққан. Өртті ауыздықтауға 10 мин уақыт жұмсалыпты. Деседе лада толықтай жанып кетті. Жалынның тұтануына қысқа тоқтың тұйықталуы себеп болған.
  2. Еріген қар былтыр ғана Ленин көшесіне төселген жаңа асфальтты шайып кетті. ТКШ бөлімі Ленин көшесінің жолын әлі қабылдамағанын жеткізді. Қазір олар асфальт төсеген мердігер компанияны жауапсыз деп тану үшін сотқа берген. Сот процесі қаңтар айында басталған. Осы уақытқа дейін 2 отырыс өтіпті. Бұған дейін әкімдік олардан нормаға сай емес жол учаскелері үшін 85 млн теңгені қайтаруды талап еткен болатын. Бұл арызды мамандар кері қайтарып алған. Себебі олар жолды толығымен тағы бір рет тексерістен өткізбек. Ол үшін арнайы сарапшыларды шақыртып отыр. Зерттеу жүрзілігеннен кейін мердігер компанияның жолдың қаша шақырымын қайта жөндейтіні  белгілі болады.
  3.  Балқаш қалалық соты тағы жас кадрмен толықты. Штатта жаңа судья пайда болды. Маманды әріптестері салтанатты түрде қарсы алды. Арайлым Қалиева Балқашқа Семей қаласынан келді.  Ол онда 10 жыл бойы ІІБ тергеу бөлімін басқарған. Жаңа судья әріптестерімен және жұмыс орнымен танысты. Оны қарсы алған сот мамандары өз тілектерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.
  4. Балқаш қалалық сотында медиация бойынша ашық есік күні өтті. Келушілерді медиаторлар, заңгерлер, мемлекеттік және жеке меншік қорғаушылар қарсы алды. Таңғы 9-дан бастап түскі 12-ге дейін. Ал қабылдауға 10 нан аса адам келді. Көбісі алимент тағайындау, сот үкімін орындау, қайтара алмай жүрген қарызын өндіріп алудың жолдарын сұрады.  Барлық сұрақтарға тегін жауап берілді. Енді мұндай ашық есік күндері әр тоқсан сайын өтеді. Келесісі маусым айына жоспарланған.
  5. Ертеңнен бастап таңертеңгі 10-нан түскі 3-ке дейін қаламызда жылжымалы аппарат жұмыс істейді. Алғашқы болып 17 мөлтек ауданының тұрғындары түсе алады. Ертең флюорографтар «Фудмарт» дүкенінің алдында қабылдау жүргізеді. Ал 2 мөлтек ауданының тұрғындары дүйсенбі күні 5-үйдің ауласына бара алады. 5-6 наурыз күндері Балқаш бекетінде болады. Кеудесін айнаға түсіремін дегендер наркологиялық диспансердің алдына бару керек. 7-11 наурыз аралығында мамандар Қазыбекова көшесінің бойындағы №1 емхананың алдында балқаштықтарды қабылдайды. Ал, қоңыраттықтар мен Техснаб және Жұмысшылар кентінің тұрғындарына наурыздың 12-нен бастап 19-на дейінгі аралықта барады.
  6. Балқашта WorldSkills халықаралық жобасы іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Үздік шыққан сервис колледжінің үш студенті облыстық кезеңде қала намысын қорғайды. Аспазшылар, кондитерлер мен шаштаразшылар екі апта бойы өнерлерін ортаға салған болатын. Үш кезеңнен тұратын байқауда түрлі тағамдар мен тәтті- дәмдер әзірленіп, шаш үлгілері көрсетілді. Студенттердің шеберліктерін кәсіпкерлер мен мұғалімдерден құралған кәсіби әділқазылар бағалады.
  7.  1-Наурыз бүкіләлемдік комплимент айту күні! Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы сөздер айтып, мақтаулары керек. Ал, балқаштықтар көбіне отбасына жылы лебіздерін арнайтын болып шықты. Қала халқы комплимент айтуға қалай, қандай қошемет сөздерді көп қоладанады? Толығырақ бейнематериалда

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login