«Су жылу транс» мекемесіне 4 млн тг айыппұл салынды. Себебі коммуналшылар өтініш берген фирмаға уақытында жылу тартып бермеген. Сот материалы бойынша өткен жылдың қараша айында шаруа қожалығы жылу құрылғысына пломба қоюды және жылу тартуды өтініп, Су жылу транс мекемесіне жүгінген. Содан кейін тағы 2 рет келіп өтініш тастаған. Алайда мамандар тек айдың соңында ғана өздеріне жүктелген міндетті орындауға кіріседі. Ал заң бойынша олар 5 күн ішінде қызмет көрсетулері тиіс. Сол мерзімді сақтамағаны үшін сот коммуналдық мекемеге 4 млн теңге айыппұл салды. Одан бөлек «Су Жылу Транс» мекемесі табиғи монополияларды реттеу комитетінің сұранысына уақытысында жауап бермеген. Сол себепті коммуналшыларға тағы да 1 млн 300 мың тг айыппұл төлеу міндеттелді.
Балқаштық кәсіпкерлер Техснаб кентінде тұратын жағдайы төмен отбасыға азық-түлікпен көмектесті. Қалталы азаматтар Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен бастау алған «қайырымдылық керуені» акциясы бойынша демеушілік көрсетті. Ұйымдастырушылар қазақтың салт-дәстүрі бойынша әр айға атау берген. Ақпан айы сыбаға деп аталыпты. Мемлекет қызметкерлері 4 балалы жанұяға сыбаға болсын деген ниетпен кәсіпкерлер берген ет және көкөніс өнімдерін әкелді. Үйдің отағасы 2 топтағы мүгедек. Ал, жұбайы қазір бала күтіміне байланысты еңбек демалысында отыр. Жанұя балаларға беретін және мүгедектікке байланысты берілетін жәрдемақымен күн көруде. Басындағы баспаналары да өздерінікі емес екен.
Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 6 триллион теңгеге жетті. Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп. Қарыздың басым бөлігі тұтынушылық несиелер. Яғни ел ақшасын тұрмыстық техника, дүние-мүлік алуға жұмсаған. Оның үлесі 2018 бен салыстыратын болсақ 5 пайызға өскен. Одан бөлек ел онлай-несие рәсімдеуді әдетке айналдырған. Әп-сәтте берілетін қарыз ақшаның үлесі 0.8 пайыздан 2,5 дейін өскен. Шағын несие беру ұйыдарына да жүгінетін халық қатары көбейіп отыр.
Ақпан айының соңғы жұмасында облыс әкімі Ерлан Қошанов ел алдында есеп береді. Өңір басшысына тек Қарағандылықтар ғана емес балқаштықтар да сауал жолдай алады. Ол үшін арнайы жедел желі іске қосылды. Облыс тұрғындары сұрағын, айтар шағымын қазірден бастап 8 (7212) 42-11-90 нөміріне қоңырау шалу арқылы жеткізе алады. Хабарлама таңғы 9 дан кешкі 18:30 ға дейін қабылданады. Ал облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағандыда 22 ақпан күні түскі 15:00 кеншілер сарайында халық алдында есеп береді.
Балқаш сервис колледжінің студенттері тағы да сайысқа түсті. Бұл жолы болашақ шаштаразшылар сыналды. Қатысушылар модельдерге түрлі шаш қию және өру үлгілерін көрсетіп, кешкі шаш үлгісін жасады.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login