Балқаштық кәсіпкерлер өнер мектебінің жас музыканттарына екі сыбызғы сыйға тартты. Флейта сыныбында бұған дейін мұндай қымбат әрі кәсіби аспап болған емес екен. Кәдесыйды демеушілер мектеп ұжымына өздері келіп табыстады. Оның біреуі мураматцу деп аталатын жапондық кәсіби флейта. Сапасына қарай бағасы да қымбат. 2 млн 700 мың теңге. Ал екіншісі жартылай кәсіби ямаха. Оның бағасы қомақты. 600 мың теңгеден асады. Сыбызғыларды Мәскеуден алдыртқан. Енді жас музыканттар кәсіби аспапта күрделі шығармаларды ойнап үйренеді.
Светлана Шохатаева – өнер мектебі флейта сыныбының жетекшісі
«Біз үшін кәсіби аспапқа қол жеткізу үлкен бақыт. Мұндай флейталармен Астана Операның музыканттары ойнайды. Бұл дегеніңіз біздің балалар болашақта кез-келген музыкалық оқу орындарына қиналмай түсе алады».
Жалпы флейта сыныбында 13 оқушы білім алуда. Барлығы да халықаралық, респуликалық жарыстардан орын алып жүрген оқушылар. Жақында ғана сыбызғышылар Астанада өткен халықаралық байқаудың іріктеу сайысында болып қайтты. Онда Юлия Сазонова мен Михайл Третиков ІІІ орын, Амина Адельгожина екінші орынға ие болды.
Юлия Сазонова – Халықаралық іріктеу байқауының ІІІ орын жүлдегері
«Жарыс өте қиын болды. Қатысушылардың барлығы мамандандырылған мектептерден келген. Соған қарамастан шығармамды жақсы орындап шықтым».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login