Балқаш жаңалықтары 15.01.2019

  1. Балқашта кішкентай қызға азғындық жасамақ болды деген күдікпен ер адам қолға түсті. Оның балаға өзінің жыныстық мүшесін көрсетіп тұрған сәтін куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған.  Бейнежазба әлеуметтік желі арқылы түгел елге тарап үлгерді. Видеодан аулада жалғыз ойнап отырған қыз баланың жанында бейтаныс еркектің тұрғанын көруге болады. Бірер минуттан кейін ол шалбарының белін босатып, ерсі қылыққа бара бастайды. Кейін ер адам баланың жанына келіп жайғасады. Бұл жағдайды көрген тұрғындардың бірі терезе арқылы видеоға түсіріп,  жазбаны әлеуметтік желіге таратып жіберген. Артынша арсыз әрекетке барған ер адам ұсталды. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
  1. Балқашқа кіре беріс жолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Жүргізушілердің бірі ережені бұзып, екінші автомобильді өткізбеген. Алдын ала болжам бойынша Жезқазған көшесі арқылы вокзалдан жақтан келе жатқан Тайота көпір арқылы қалаға кіріп келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде екі автомобиль соқтығысып, тротуардан бірақ шыққан. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді.
  1. Балқашта коммуналдық қызмет құны арзандады. Енді тұрғындар қаңтар айынан бастап суға, жылуға, электр энергиясына бұрынғыға қарағанда аз төлейді. Өзгертілген жаңа тариф бойынша Балқаш Су мекемесі суық судың бағасын 2.32 пайызға арзандатып отыр. Бұрын бекітілген тариф бойынша қаңтар айынан бастап ауыз су құны 162 тг ден 170тг өсуі тиіс еді. Алайда қызмет құнын төмендетуге байланысты енді тұрғындар 1 текше метр су  үшін 166 теңге төлейді. Жаңа жылдан бастап адам басына 1270тг болып  бекітілген тариф құны 37 теңгеге арзандап 1233 теңгеге өзгерді . Енді Су Жылу Транс мекемесіне тоқталсақ. Жылу ақысы 5 тг арзандаған. Егер балқаштықтар жаңа жылға дейін пәтердің әр шаршы метрі үшін 97 теңге төлеп келсе, енді 92 тг есептеседі. Ал ыстық судың бір текше метрі 139 тг 136 теңгеге төмендеді. Адам басына төлеп отырғандар бұрынғыдай 486 теңге емес 476 теңге төлейді. Балқаш Универсалда өз тарифын төмендетін отыр. Көпқабатты үйде тұратындар әр адам үшін қоқысқа 155 тг төлесе, енді 152тг береді.  Ал жер үй тұрғындары үшін 163 тг орнына 160 тг арзандады.
  1. Коммуналшылар халық алдында есеп бермек. 18 мен 25 қаңтар аралығында Балқаш Су, Су Жылу Транс  және Балқаш Энерго мекемелерінің жетекшілері тұрғындармен кездеседі. 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап,  биылғы жоспарларымен бөліседі. Ал жиын төменде көрсетілген мекенжайларда өтеді. Алғашқы кездесу 18 қаңтар күні сағат 11:00 де Қоңырат мөлтек ауданындағы №3 мектепте  ұйымдастырылады. Басшылар одан кейін сағат түскі 15:00 де Балқаш станциясының халқымен жүздеспек. Ал 22 күні қалада екі жерде есеп береді. Бірі оқушылар сарайында, екіншісі №7 мектеп гимназиясында. Кездесу 26 қаңтар күні де жалғасады.
  1. Христиан дін өкілдерінің Крещение мерекесі таяп қалды. Сенбі, яғни 19 қаңтар күні дәстүр бойынша тұрғындар мұздай суға шомылып, Құдайдан күнәләрін кешіруді сұрайды.  Биыл  рәсім қай жерде өтеді, көлге түскенде нені ескеру керек? Толығырақ бейнематериалда
  1. Еліміздің мектептерінде кубик-рубик құрау сабағын енгізілуі мүмкін. Жаңа пәнді енгізу туралы сұрақ ҚР Білім және ғылым министрлігінде қаралуда. Ал, балқаштық оқушылар болса, спидкубингті оқу ордасында үйретпей жатып бес саусақтарындай біледі. Бірі 40 секундтың ішінде құрап шықса, енді біріне 20 секундта жетіп жатыр.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login