Балқашта оқушылар арасында аққала жасаудан байқау өтті

Оқушылар сарайының арты аққалалар қалашығына айналды. Бүгін каникульда демалып жатқан мектеп оқушылары қардан мүсін жасаудан сайысты. 8 команда қолдарына күрек пен шелек алып,  қиялға ерік берді.

№8 мектеп командасы басқалардан ерекшелену үшін гуашь, сәбіз және пластик шелек ала келген. Бірі аққаланың бөліктерін домалатып, дайындап жатса, бірі мүсінді әсемдеу үшін  мишура мен түймелерді әзірлеуде.  Осылайша бірлескен жұмыс арқасында аққала да әп-сәтте дайын болды.

Аружан Бадешова – №8 мектеп командасының мүшесі

«Каникульға қарамастан мектеп атағын қорғау үшін, осында келдік.  Біз жеңеміз деп ойлаймыз. Қарасақ әлі ешкімде шыққан жоқ. Бізде жақсы шықты деп ойлаймын».

Жылда өткізілетін жарысқа 8 команда қатысты.  Олар №2, 15, 17, 7 гимназия және 2 мектеп интернаты мен №5,8,16 мектеп оқушылары. Қардан мүсін жасау үшін әр командаға күрек пен 1 шелек су және 30 минут уақыт берілді.

Айгерім Баданова – оқушылар сарайының қосымша білім беру бөлімінің ұстазы

«Аққаланы жасауына байланысты. Соған көңіл бөлінеді. Оның әсемділігіне, әдемілігіне байланысты қойылады. Әділ қазылар алқасы көлемінің биіктігін қарап шығады. 

Таза ауадағы байқау 1 сағатқа созылды. Соңында жеңімпаздар анықталып, мараптталды. Сонымен  №8 мектеп ең үздік аққала авторы атанды. Ал 2 лицей күміс жүлдеге лайық деп танылды. Қоланы №15 пен №16 мектеп командалары бөлісті.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login