Із-түссіз кеткен 70 жастағы балқаштық өлі күйінде табылды

Із-түссіз кеткен 70 жастағы балқаштық өлі күйінде табылды. Ер адамның денесі теміржолда отырып үсіп қалған. Еске сала кетейік, Серкан Ермекбаев бірінші желтоқсан күні үйінен шығып кетіп содан қайтып оралмаған. Ал іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Оның денесінің ЖЭС маңындағы теміржол аумағынан табылғанан полиция қызметкерлері хабарлады. Зейнеткер отырған күйінде үсіп қалған екен. Одан бөлек жыл соңында жоғалған тағы бір адам табылды. 6 желтоқсан күні жұмыстан шығып, үйіне қайтып бармаған 25 жастағы жігіт осы уақытқа дейін Ақтоғай ауданында болған.  Оны сондағы полицейлер іздеп тапқан.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login