Балқашта автокөлік бағдаршам бағанына соғылды

Жол көлік оқиғасы Ағыбай батыр мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болған. Ағыбай батыр көшесінің бойымен келе жатқан Лексус көлігінің жүргізушісі бағдаршам бағанын соғып, майыстырып жіберген. Оқиға демалыс күндері түнгі сағат 11-лер шамасында тіркелді. Құзырлы органдардың айтуынша, 27 жастағы жүргізуші көк тайғақтың салдарынан рөлді басқара алмай қалған. Абырой болғанда өзі аман. Мемлекет мүлкіне келтірген шығынды жүргізуші сол жерде төлеп құтылды. Ал қаладағы бағдаршамдарға жауапты қызмет көрсету мекемесі бүгін бағанды қайта қалпына келтіріп, жөндеп қойды.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login