Балқаш жаңалықтары 26.11.2018

1.Қазақстанда құс еті қымбаттады. Бұған Ресей елінен келетін тауық өнімін сатуға тыйым салынғалы бері қазақстандық өндірушілер өз тауарларының бағасын көтерген.

2. Бір аптада жұмыс берушіден жалақысын ала алмай  жүрген 130 балқаштық сотқа жүгінген. Барлығы да бір фирманың қызметкерлері. Анықталғандай ұйым мен тапсырыс берушінің арасындағы келісім шарт бұзылған, ал зардабын жұмыскерлер тартуда.

3. Балқашта кикбокстан Қазақсан Кубогы аяқталды. Түрлі салмақ бойынша  жеңімпаздар анықталды. 6 қатысушы спорт шебері атағын иеленді. Кикбокстан Қазақстан кубогы Балқашта алғаш рет өтті.  ДСК 4 күн бойы еліміздің 14 облысынан келген 100 ге жуық спортшы бақтарын сынады.

4. Зауыт жұмыскерлері цехтан шығып спортзалда күш сынасты. Қара мыстың алынғанына 80 жыл толуына орай футболдан, волейболдан, арқан тартыстан және кір тасын көтеруден, қол күрестен жарыс өтті.

5. Мысшылардың жылдамдықтары мен ептіліктері сыналды. Қазақмыс жұмыскерлері мен политех колледжінің студенттері жарыс ұйымдастырды. 4 команда 5 кезеңнен құралған конкурста бақтарын сынады. Сәлемдесуден кейін ойыншыларға мыс тізбегін жинауға кірісті. Ал ол үшін бірнеше сыннан өту керек. Бірінші болып «Искра» командасы барлық тізбекті құрастырып шықты.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login