Балқаш жаңалықтары 13.11.2018

1. Сатпаев көшесінде 2 бөлмелі пәтер өртенді. Қызыл жалын кешкі 9-дар шамасында басталған. Көк түтін 3 қабатты тұрғын үйге жайылып, 15 адам құтқарылды. Екінші қабаттағы пәтердің жанып жатқанын көршілер байқап, құтқарушыларға хабар берген. Тілсіз жаудың салдарынан екі бөлмелі баспана толығымен жанып кетті. Жалын кезінде ыстық су құбыры жарылған. Содан аққан су төменде орналасқан пәтерге дейін жайылған.

2. Балқашта белгісіз біреулер контроллерлардың атын жамылып, елді тонауда. 79 жастағы зейнеткер осындай қуларға алданып қалды. Қарттың үйіне электр қуатын есептейтін құралды тексереміз деп  әйел пен ер адам келген. Содан аппараттан ақау таптық,  айыппұл төлемес үшін, сіз өтініш толтыру керексіз деп алдаған. Әйел мен үй иесі төр бөлмеде өтініш толтырып жатқанда, ер адам үйді тінтуге кіріседі. Зейнеткердің сөмкесін көріп, ұрлап кеткен.

3. Шашубай кентінде қызы туған анасын пышақтады. Жанжал қонақта ішімдік ішу барысында туындаған. Алкагольдің буы барғаннан кейін, екі жақын сөзге келіспей қалған. Содан ашуға мінген анасы қызының мойнына шап береді. Сол кезде баласы  үстелдің үстіндегі пышақты алып, шешесінің оң жақ санына бір емес 4 рет соққы жасаған.

4. Балқашта бір емес екі көлік апатына себепші болған мотоцикл жүргізушісі сотталды. Анықталғандай ол сол күні транспортты мас күйінде басқарған. Ал оқиға тамыз айында Желтоқсан көшесіндегі нан комбинатының жанында болған еді. Артына әйелді отырғызып алған мотоцикл жүргізушісі алдындағы Volkswagen-ге соғылады. Содан рөлді басқара алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, өз бағытымен келе жатқан Тайотамен қақтығысады.

5. Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шығатын әйелдердің жасы 59-ға дейін ұзартылады. Мысалы  биыл 58 жастағы әйелдер бейнетінің зейнетін көруге аттанса, келесі жылы 59-ға келген нәзік жандылар көптен күткен демалысқа шығады. Осылайша зейнетке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып, 2027 жылы 63 жасқа жетіп тоқтайды.

6. «Үміт үзбе»  қайырымдылық қоры жаңа жылға орай балалар үй мен жағдайы төмен отбасы бүлдіршіндеріне сыйлық жасамақ. Бұл шараға қала тұрғындары да атсалыса алады. Ұйымдастырушылар жалпы саны 100-ге жуық баланы қамтымақ. Олар №4 және 3 мектеп-интернатының оқушылары және балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасы бүлдіршіндері. Бұл шараға атсалысып, балғындарға қуаныш сыйлаймын деген қала тұрғындары 8 777 973 96 53 нөмеріне хабарласса болады.

7. Балқаштық «Достық» футбол командасы Қарағандыда екі ойында жеңіске жетті.  Футзалдан облыстық ашық біріншілік басталды. Теңбіл доп сайысында 48 команда бақ сынауда. Құрамалар 4 лигаға бөлінген. Балқаштық спортшылар бірінші лигаға енді.  Әзірге жеңіліссіз келеді. Достық командасы алғашқы қарсыласы  карағандылық «Куганы» 5:3 есебімен ұтты. Ал екінші ойында Банк центр кредит командасымен кездесіп, 8:2 ұпайымен басым түсті.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login