Тілсіз жау. Сәтпаев көшесінде 2 бөлмелі пәтер өртенді. Қызыл жалын кешкі 9 дар шамасында басталған. Көк түтін 3 қабатты тұрғын үйге жайылып, 15 адам құтқарылды. Екінші қабаттағы пәтердің жанып жатқанын көршілер байқап, құтқарушыларға хабар берген. Тілсіз жаудың салдарынан екі бөлмелді баспана толығымен жанып кетті. Жалын кезінде ыстық су құбыры жарылған. Содан аққан су төменде орналасқан пәтерге дейін жайылған. Құтқарушылар оқиға орнына жете салысымен, подъездегі пәтер тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарған. Жалпы саны 15 адам құтқарылды. Ал өртті сөндіруге 1.5 сағат жұмсалды. Үйдегі барлық жиһаз тіпті еденге дейін жанған. Алдын ала болжам бойынша жалынның себебі сөндірілмей қалған темекі тұқылы. Ал үй иесі өрт басталғанда көршісінің үйіне барып, тығылып отырған.
Олег Грабовский-ТЖК мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метр. Үйдің ішіндегі ескі заттар мен жиһаздар толықтай жанып кетті. Жалынды сөнідуреге 3 бірлік техника ,онын ішінде 2 автоцестерна және автосаты жұмылдырылды. 7 тонна су кетті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login