Шашубай кентінде қызы туған анасын пышақтады

Шашубай кентінде қызы туған анасын пышақтады.  Жанжал қонақта ішімдік ішу барысында туындаған. Алкагольдің буы барғаннан кейін, екі жақын сөзге келіспей қалған. Содан ашуға мінген анасы қызының мойнына шап береді.  Сол кезде баласы  үстелдің үстіндегі пышақты алып, шешесінің оң жақ санына бір емес 4 рет соққы жасаған. Жарақат алған әйел шұғыл ауруханаға жеткізілген.  Ал оның қызына қатысты қылмыстық іс қозғалады.  Тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындаған. Осыны ескерген судья бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Енді ол 3,5 жыл пробация қызметінің бақылауында болады. Оған қоса тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін  жыл сайын  100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login