Балқашта 20 адам интернет алаяқтардың қармағына түскен

Интернет алаяқтардан сақ болыңыздар! Балқашта жыл басынан бері 20 адам ғаламтор арқылы елді алдайтын әккі қулардың қармағына түскен. Тұрғындар алаяқтардың шотына 10 мың теңгеден бастап 500 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Соңғы оқиғада балқаштық әйел 200 мың теңгесінен айырылыпты. Ол инстаграм арқылы бірнеше киімге тапсырыс берген. Содан киви әмиян арқылы көрсетілген нөмірге  ақша салған.  Алайда кейін сатушы телефонын сөндіріп, инста парақшасын өшіріп тастаған. Содан алданғанын білген әйел ІІБ жүгініпті. Алайда, полиция қызметкерлері интернет алаяқтарды ұстау қиынның қиыны екенін айтып отыр. Осы уақытқа дейін бір де бір қылмыс ашылмаған. Себебі көрсетілген нөмір тіркелмеген, яғни күдіктіні табу да мүмкін емес.

Мақсат Махметов-криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы:

«Елдер көбінесе алтын, киім, көліктің сайман құралдарына тапсырыс берген. 10 мың теңгеден бастап 500 мың теңгеге дейін ақша аударған. Қазіргі таңда 20 балқаштықтан арыз түсті. Сондықтан да алаяқтардан сақ болыңыздар. Тапсырыс берерде тауарды алмай тұрып, алдын ала ақша аудармаңыздар.»

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать