Балқашта уақытша тоқтатылған ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі қайта жанданды

Балқашта уақытша тоқтатылған ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі қайта жанданды. Сауда-саттық  алаңында жөндеу жұмыстарының  жүргізілуіне байланысты жәрмеңке 4 ай өтпеді.  Сол уақыт аралығында жаңадан қоршау тұрғызылып, жарық тартылды, асфальт төселді.

Жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Жаз бойы жиғанын сатып, пайда табу үшін Ақтоғай ауданына қарасты 7 селолық округтен 30 шаруа қожалығы келіпті. Ет, сүт өнімдерін жаңадан қойылған сөрелерге жайып тастаған.

Байзақ Әлмағанбетов-кәсіпкерлер және ауыл шаруашылық бөлімінің жетекшісі

20:57 әсіресе, Абай селолық округінен 1 тоннаға жуық өнімдер келді. Кқөршілес жатқан Шашубай кетнінен 1 тоннадан астам, 800 кг ет сатып отыр. Сонымен қатар, ауылдың жеміс-жидек сататын кәсіпкерлері бүгінгі күні картоптың бағасы 60-65 теңгеден, жуаны 50 теңгеден сатып отыр.

Деседе, соғым маусымы әлі келмегендіктен бе, әлде көкеністің бағасы жылдағыдай шырақтап кетеді деп қорықты ма, әйтеуір ел еттен гөрі, картоп, қырыққабат алуға асықты. Кезекке тұрып, қап-қабымен өлшетіп, әкетіп жатты.

Айдар Әмзебеков-кәсіпкер

« Қырыққабаттан 3 тонна, басқалардан 300-400 кг нан сол барлығы 500 тонна болады. Жақсы өтіп жатыр, жаман емес. Көтерме бағамен  қабымен жіберіп жатырмын.

Бұл күні жұмыртқа сатушылардың да саудасы қызды. Дүкенде 250 теңге болса мұнда 240 теңге. Бар болғаны 10 теңгеге арзан. Алайда соған қарамастан ел таласып-тармасып кезекте тұрды.

Алайда, жәрмеңкеге қатысты елдің пікірі әр түрлі. Көбісі сауда-саттықтың қайта жанданғанына   қуанышты.  Алайда, кейбірі баға көңілдерінен шықпағанын айтып кейіді.  Арасында мін айтып, сын таққандар да болды.

қала тұрғындары:

«Овощтары, өзгеріс жоқ сияқты. 10-20 теңге. Бірақ етте разница бар».

» Бәрі дұрыс, бәрі тамаша, бәрі отлично»

» Дегенмен арзан, 1400 алдық екінші категориялы етті, базарда 1500-1600 ғой».

 «Асфальттары бәрі жақсы, бірақ ана жерде еттер жерде жатыр. Бұрыңғыдай. Біз осы жердің тұрғындарымыз. Бәрі білеміз. Енді етті көтеруге болады ғой».

Бұл күні қалалық мәдени-сауық орталығының өнерпаздары елге мерекелік көңіл күй сыйлады. Үздік туындаларын орындады. Көрермен аз болса да, естір құлақ көп.

Қош, 4 ай үзілістен кейін, ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі осылайша қайта жанданды. Мамандардың сөзінше бұл күні 12 млн теңгенің өнімі сатылған.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать