Балқашта ЖЭС бу өткізгіш жарылып 1 адам күйіп қалды

Қаладағы ЖЭС бу өткізгіш жарылып 1 адам күйіп қалды. Қазір ол орталық ауруханада, травматология бөлімінде ем қабылдауда. Алдын ала болжам бойынша бу өткізгіш тесіліп, соның салдарынан жарылыс болған. Апат кезінде оқиға орнында 2 жұмысшы зардап шекті. Бірі 40 жастағы электрослесарь және пар құбырының машинисті 49 жастағы әйел адам. Екеуі де орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткеннен кейін әйелді үйіне жіберген. Оның денсаулығына еш зақым келмепті. Ал ер адамның денесінің 10 пайызын күйік шалған. Қазір ол травматология бөлімінде ем қабылдауда. Ал ЖЭС қазір апаттың шығу себебі тексеріліп жатыр.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің меңгерушісі

«Науқастың жағдайы орташа ауыр. Күйік 1-2 дәрежелі. Оны  1 апта бойы осында емдейміз.  Жағдайы жақсарса, үйіне шығарамыз.

 

 

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать