Балқаш жаңалықтары 30.10.2018

1. Шаһарда ерлі-зайыпты кісі қолынан қаза тапты. Күдікті тапа-тал түсте күйеуі мен жұбайын пышақтап өлтірген. Жантүршігерлік қанды қылмыс кеше Балқаш-1 бекетінде болды. Сағат 12-нің кезінде жер үйдің алаңында 34 жастағы әйел мен 45 жастағы еркектің өлі денелері табылды.

2. Амангелді көшесінде канализациялық құдықтан аққан су Желтоқсан көшесіне жайылуда. Осымен 2 апта болған.

3. Балқашта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қайта жанданды. 3 қарашадан бастап қала тұрғындары азық-түлік, ет, сүт өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады. Ол үшін Язев көшесіндегі сауда орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

4. Сурет салып, бағалы сыйлық ұтып ал! Қалалық мәдениет бөлімі суретшілер арасында байқау жариялады. Жеңімпаздар теледидар, ноутбук, бейнекамера, тоңазытқыш секілді қымбат сыйлармен марапатталады. Қатысу үшін электронды мекенжайға өтініш жіберсеңіздер болғаны: balkhash-kultura@mail.ru Өтінімдер 5 қарашаға дейін қабылданады. Толық ақпаратты 48708 нөмірі арқылы біле аласыздар.

5. Жергілікті биші қыздар халықаралық жарыста топ жарды. «Stars» би тобы «Pro танцы kz» чемпионатында бірінші орын мен бас жүлдеге ие болды. 8 елдің басын біріктірген хореграфиялық дода Қарағанды қаласында өтті. Оған 50 топқа бөлінген 400 биші қатысты.

6. Балқаштық кикбоксшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Қарағандыда ересектер арасында өткен үздіктер турнирінде Кемелхан Нұрисламхан чемпион атанды. Жеңіске жеткен тағы бір жерлесіміз Айбат Нұрланұлы.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать