Амангелді және Желтоқсан көшесінде екінші апта су жолға жайылуда

Амангелді және Желтоқсан көшесінде осымен екінші апта су жолға жайылуда. Сұйықтық Амангелді көшесінің бойындағы құдықтан ағып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бұған дейін сан мәрте болған. Әсіресе қыста су мұға айналғанда  жаяу жүргіншілерге қиындық туғызады екен.

Татьяна Бутенко – Амангелді көшесінің тұрғыны:

«Бұл жерде су жиі ағып тұрады. Әсіресе қыста қиын.  Мұз болып қатып қалады.  Жүргізушілер де тайғанақтап әзер өтеді.»

Қаланың канализациялық желілері және суық су құбырлары «Балқаш Суға» тиесілі. Алайда, бұл құдық олардың қарамағында болмай шықты. Содан оның кімге тиесілі екенін анықтау үшін коммуналшылар бас қосып, жиын өткізген.

Әлібек Сақбаев – «Балхаш су»  КМК учаске басшысы:

«Бір жеті бұрын жиналыс болып жиналдық.  ЖКХ-дан келді, тұрғын үй инспекциясы келді. Сол кезде құдықтың қалалық аурухананың балансында екені анықталды.»

Анықталғандай жергілікті билік бұл аймақты құдығымен қоса орталық аурухананың иелігіне өткізген. Қазір құжаттарды рәсімдеу жүргізілуде. Емхана жұмыскерлерінің айтуынша ағып жатқан ауыз су. Олар құдықтағы сұйықтықты  бір емес бірнеше келіп сорған. Алайда, одан еш нәтиже жоқ. Құдық 10-15 минуттан кейін қайта толып кетеді.

Ержан Жаров – орталық аурухананың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы:

«Бұл аймақ көп уақыттан бері иесіз жатқан. Қазір оны біздің қарамағымызға берді. Барлық құжаттар дайын болғаннан кейін, құдықты жөндеуге кірісеміз. 

Мамандардың болжауы бойынша су ескірген құбырдан шығып жатуы мүмкін. Алайда, жердің құжаттары дайын болғанша бұл мәселе сол күйінде қалмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать