Балқаш жаңалықтары 29.10.2018

1. Балқашта  ер адам  өзін-өзі  өртеп  жіберді. Алдын-ала  болжам бойынша,  ол үстіне  бензин  құйған. Жантүршігерлік  оқиға сенбі  күні   жұмысшылар  кентіндегі  жер үйлердің бірінде сағат 11-де болды.  Бейресми  ақпараттарға  сүйенсек, еркек  40  жастаға ер адам өз өміріне балта  шапқысы келген.

2. №10 орта мектепте өрт шықты.  Қызыл жалын асхананы көк түтінге орады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқу ордасында болған  80 оқушы және 30 мұғалім дер уақытында қауіпсіз жерге шығарылды.

3. Балқашта  бағанаға  оңбай соғылған көліктен  екі  адам зардап шекті. Ал діңгек түбімен жұлынып қалды. Жол  апаты жексенбі  күні Ленин  көшесінің  жоғарғы  жағында болды. Түн ортасында ұзын  жолмен  жүйіткіген  көлік   жол  бойындағы бағанаға соғылған.

4. Қазбекова көшесіндегі тұрғынның үйінде ыстық су құбырынан қап-қара сұйықтық ағуда. Бұл бірінші жағдай емес. Көптеген тұрғындар ыстық судың таза еместігін айтып шағымдануда.

5. Балқаштықтар жарық ақысын аз төлеу үшін қулыққа баруда. Осы сенбіде есептегіш құралының көрсеткішін дұрыс бермеген 30-дан аса тұрғын анықталды. Балқашэнерго мамандары 64 орамға барып, жер үйлердегі есептегіш құралдардың көрсеткішін тексерген.

6. Балқаштық полицейлер 2 ай ішінде 1817 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Барлығы «Учаске» деп аталатын жедел алдын алу шарасы кезінде белгілі болды. Тәртіп бұзғандардың көбі қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген тұрғындар.

7. Бүгін   орталық  саябақтағы  мүсіндер  жаңартылды. Мектеп оқушылары 10 жыл  бұрын  ағаштан  ойылып  жасалған әртүрлі  пішіндерді   лакпен бояп, тым  ескіріп қалғандардың  орнына  жаңасын  қойды. Осылайша  балалар  тоқсандық  демалыстарының  алғашқы  күнін   пайдалы іспен  бастады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать