Балқаш жаңалықтары 25.10.2018

1) Жолдау көпшілік жүрегіне жетуі тиіс. Осындай мақсатпен бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев Балқашқа келді. Елордадан ат басын бұрған халық қалаулысы ең бірінші қалалық оқушылар сарайында шаһардың жас буын өкілдерімен кездесті.

2) Балқаш халқының 90 пайызы өндіріс ошақтарында жұмыс істейді. Сондықтан шаһарға жұмыс сапарымен келген депутат Павел Казанцев «Сары Қазына» ЖШС-не барды. Онда үздіксіз еңбек етіп жүрген адамдармен кездесіп, Елбасының жолдауын талқылады.

3) Қалада тіл үйренемін дегендерге барлық жағдай жасалуда. Тұрғындар мемлекеттік және ағылшын тілін жұмыстан қол үзбей оқып, үйрене алады. Ол үшін тілдер орталығына өтініш білдірсеңіз болғаны. Содан кейін ұстаздар сіздің қызмет ететін кеңсеңізге келеді.

4) Бүгін Швецариядан келген дәрігер Фатах Лабиб балқаштық әріптестеріне шеберлік сағатын өткізуді бастады. Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Орталық Азия бойынша аймақтық үйлестірушісі жергілікті ақ халаттыларға жарақатты таңудың түрлерін айтты.

5) Мектепте орын алған оқыс оқиға кезінде жедел әрекет ету жүйесі құрылып, оқушылар мен ұстаздар 2 минуттың ішінде сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл норманы тексеру үшін бүгін нөмір 17 мектеп ғимаратында оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать