Шаһар картасынан ойып тұрып орын алғандардың барлығы дерлік Балқаштың қалыптасып, дамуына зор үлес қосқандар. Солардың бірі Василий Язев пен Төлеуқадыр Тоқтамысов. Бірі құрылыс саласында тер төксе, бірі экономист ретінде білім беру, ағарту саласында аянбай еңбек еткен.
Жұмысшы кентіндегі Октябрьская көшесіне 2007 ші жылы Төлеуқадыр Тоқтамысовтың есімі берілген. Еңбегі еленіп, қаланың картасынан ойып тұрып орын алған Төлеуқадыр Тоқтамысовтың қазір қаламызда жары мен бауыры тұрады. Әзірбайжан Тоқтамысов үшін өзінен 4 жас үлкен ағасы үнемі үлгі тұтар тұлға болған. Ал, жары Шәтәй Сәменқызы болса, елінің құрметіне бөленген ердің әйелі болғанын мақтан тұтады. Біз барғанда бауыры мен жұбайы қала үшін аянбай еңбек еткен азаматты еске алып ол жайлы ойларымен бөлісті.
Төлеуқадыр Тоқтамысов Ақтоғай ауданы Жидебай ауылының тумасы. 1934 жылы туған. Жастайынан зерек болған азамат 1943 жылы білім алу үшін Балқашқа келген екен. Содан Абай атындағы орта мектепте оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды. Кейін Алматыдағы ҚазҰУ түсіп, экономист атанады. Ал, алғашқы еңбек жолын Балқаш продснабының Гүлшат бөлімшесінің бастығы қызметінен бастаған екен. Төлеуқадыр Тоқтамысов сондай-ақ ІІБ, қалалық партия комитетінде, тау кен-металлургия комбинатының экономикалық лабораториясында қызмет етеді. Тағы бір айта кетерлігі 70 жылдары ол кісінің бастамашылығымен және тікелей қатысуымен қазіргі БГТК бой көтерген, мұғалімдерге арнап 40 пәтерлі үй салғызған. Кейін сол оқу орнын 15 жыл бойы басқарады. Сол кезден бастап жаңа факультеттер ашылып, өндірістің әр саласына қажетті мамандар дайындала бастаған. Білімді де білікті экономист кейін сол жерде 10 жыл бойы ұстаздық етеді. Жалпы Төлеуқадыр Тоқтамысов 40 жылға созылған еңбек жолында талай атақты адамдармен дәмдес-тұздас болған.
Әзірбайжан Тоқтамысов-Т.Тоқтамысовтың інісі
Ал, зейнетке шыққаннан кейін қаланың энциклопедиясын құрастырған. Ол үшін түрлі зерттеулер жүргізіп түрлі қалаларды аралайды. Мұрағаттардағы тарихи құжаттармен танысып, өлке тарихын кітап бетіне түсірмек болған. Алайда бұл мақсатына қол жеткізе алмады. Аяқ астынан инфаркт алып, 2001 жылы 67 жасында көз жұмады.
Шәтәй Сәменқызы –Т. Тоқтамысовтың жары
Десе де, қала үшін аянбай еңбек етіп, тер төккен азаматтын жары және 4 қызы бар. Ал, өзі 4 ағайынды болған екен. Балалары болса өсіп-жетілген. Әр қайсысы әр қалады. Қазіргі таңда ұрпағын көбейтіп, немере мен шөбере сүйгізіп отыр.
Енді Василий Язевке тоқталсақ. Құрылысшының атымен аталған көше 1998 жылы пайда болған. Ал, бұрындары бұл аймақ «Казахстанская правданың» 40 жылдығымен аталған болатын. Балқаш пен Қарағанды қаласының құрылыс нысандарын салу жолында аянбай еңбек еткен Василий Иванович 1913 жылы 24 қаңтарда Мәскеу облысы, Курово ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Мәскеу қаласындағы Ленин индустриалды-құрылыс техникумын техник-құрылысшы мамандығы бойынша бітіре сала, жолдамамен Балқаш қаласындағы мыс қорыту комбинатына жұмысқа келеді. Оның «Балқашқұрылыс» тресіндегі еңбек өтілі прорабтық қызметтен басқармаға дейін өсті. Алғаш мыс балқымасы алынғаннан кейін Ұлы Отан соғысы басталып, комбинат пен пештің жұмыс жасау маңызы арта түсті. Сол құрылыста аянбай еңбек еткен құрылысшылардың бірі – Василий Язев болатын.
Валерий Язев-В. Язевтің ұлы
«Балқаш өндіріс аймағының құрылысы, сондай-ақ, Қоңырат молибденді руднигі мен Ақшатау вольфрам-молибден комбинат құрылысы Василий Иванович өмірімен тығыз байланысты. Өте адал жұмыскер болатын. Ұлағатты жетекші еді . Балқаш қаласында 25 жыл жұмыс істеді. Соның 11 жылында басшы қызметін атқарды.
Язев үш жылға тарта Қоңырат руднигінде Д.Қонаевпен жұмыс істеп, тіпті, бірге тұрған. Сондай-ақ Василий Иванович Қарағанды мен Теміртау қаласының құрылысына да зор үлес қосты. Облыстағы азаматтық баспана мәселесі, байланыс пен транспорт, аудандар мен ауылдарды көріктендіру жұмыстарына атсалысқан. 1967 жылы қала құрылысының басты жоспарына аудандарды қосып, тұтас қала болу ұсынысын енгізді.
Валерий Язев-В. Язевтің ұлы
«Қайда жүрсе де қажырлы еңбек ететін құрылысшы Теміртау қаласындағы № 1 домна пешін салуға да ат салысты. Облыстағы аса маңызды орындардың бірі «Сарыарқа» әуежайы, «Ертіс-Қарағанды», «Соқыр», «Қотыр» және «Жартас» су қоймаларының құрылысы сол Василий Ивановичтің мұрындық болуымен жүзеге асты. Осындай орасан істердің басында жүретін құрылыс сардары талай сөгіс алды. Бірақ, уақыт өте келе өз ұстанымын оң қадамымен дәлелдеп, сөгіс алынып тасталды. Сол үшін де халық оны жақсы көрді»
Василий Язев 1999 жылы 86 жасында көз жұмды. Сөзден гөрі іске, жиылыстардан гөрі салып жатқан нысандарының сәні мен сапасына мән беріп, дер кезінде бітіруге тырысатын білікті құрылысшы.
1.1942 жылы «Еңбектегі ерлігі үші» медалі
2.1945 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалі
3.1946 жылы КСРО Жоғарғы кеңесі призидиумының мақтау қағазы
4.1958 жылы Социалистік Еңбек Ері
8.1979 жылы Қарағанды қаласының құрметті азаматы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login