Балқашта жаңа намазхана тұрғызылып жатыр

Балқаштық жамағат үшін намазханалар саны көбеюде.Қалалық мешітте намаз оқуға арналған жаңа ғимарат тұрғызылып жатыр.Енді қақаған қыста дін үйіне намаз оқуға келіп,сыймай қалған азаматтар жаңа бөлмеде құлшылықтарын жасай алады.Қазіргі күні жаңа намазхананың қабырғасы қаланып, еденге жылу беретін құбырлар тартылды. Терезелер салынды. Енді 126 шаршы метрлі бөлменің сыртқы есігі салынған соң іші әктеліп, сырланады.Төбесіне су өтпейтін арнайы материал тартылатын болады. Кейін жұртшылық үшін кілем де төселеді. Жалпы, 300 адамға арналған намазхана жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғызылуда. Оның бірі құрылыс заттарымен көмектессе, енді бірі ақшалай сауапты іске үлестерін қосып жатыр.

Оралбай Ермахан- қалалық мешіттің наиб имамы:«Жылдан-жылға жамағаттың саны артып келеді.Қыс айларында, суық кездері жамағат мешіт ішіне сыймай қалады. Сыртта оқып жүр.Сәлде болса жылы бөлмені қосайық, жамағат жылы жерде намаз оқысын деген соң мына құрылысты бастап кеттік. Қараша айының соңына дейін бітірсек пе деген үміттеміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать