Балқаш жаңалықтары 22.10.2018

1)  Сейфуллин мен Аменгелді   көшелер қиылысында  екі   көлік  соғылды. Оның бірі джип  болса, енді  бірі ресейлік Lada тұлпары.

2) Балқашта ер адамды көлік қағып кетті.  Жол көлік оқиғасы кешкісін Рысқұлов көшесінде болды. Алдын ала болжам бойынша 45 жастағы ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан.

3) Қоңырат мөлтек ауданында әмбебап корт, балалар алаңы және шынығуға арналған спорттық  алаңқай ашылды.  «Сары Қазына»  ЖШС қоңыраттықтарға осындай сый жасады. Жоба Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жүзеге асты.

4) Қалада Елбасының жолдауын түсіндіру жұмыстары жүйелі өтіп жатыр.Соның бірі зауытта ұйымдастырылып,шаһар басшысы   кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Жолдауда айтылғандай мемлекеттің  басты байлығы  адам  және оның өмірі.

5) Балқашта үш IT сыныбы ашылады.Онда балалар бағдарламалау  және роботтық техника негіздерін үйренетін болады.«Нұр Отан»партия жобасының  негізінде  алдағы  күні  осындай  іс  атқарылмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать